Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы «Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №70/12 шешіміне сәйкес 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға әлеуметтік көмек енгізілді:
«Инсулинге тәуелді бірінші типті қант диабеті» ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 АЕК (39320 теңге);
қант диабетімен ауыратын адамдарға 5 АЕК (19660 теңге);
созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозынан зардап шегетін адамдарға 5 АЕК (19660 теңге);
психикалық, мінез-құлық бұзылуларынан (аурулардан) зардап шегетін адамдарға 2 АЕК (7864 теңге);
балалардың церебралдық параличі бар балаларға 5 АЕК (19660 теңге);
миокардтың жіті инфаргімен ауыратын адамдарға (алғашқы 6 ай) 5 АЕК (19660 теңге);
ревматизммен зардап шегетін адамдарға 2 АЕК (7864 теңге);
дәнекер тіннің жүйелі зақымдануларынан зардап шегетін адамдарға 2 АЕК (7864 теңге);
нерв жүйесінің дегенерациялық ауруымен ауыратын адамдарға 2 АЕК (7864 теңге);
орталық нерв жүйесінің демиелинизациялық ауруларымен ауыратын адамдарға 2 АЕК (7864 теңге);
орфандық аурулардан зардап шегетін адамдарға 3 АЕК (11796 теңге).
2025 жылы 1 АЕК 3932 теңгені құрайды.
Барлық сұрақтар бойынша «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі 27, телефон: 87183491930 хабарласа аласыздар.