Көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу бюджеттен қаржыландырады ма?
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шатыр, жертөле, кіреберіс кондоминиум объектісінің ортақ меншігі болып табылады. Пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау міндетті.