Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдерінің әлеуметтік маңызы бар?

    abay-boroduliha

    abay-boroduliha·
    Сұрақ

    Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдерінің әлеуметтік маңызы бар?

    Жауап

    Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 тауар кіреді:

    1. Бірінші сұрыпты бидай ұны;
    2. 1-сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан;
    3. Рожки (салмақтық);
    4. Қарақұмық жармасы (ядро, салмақтық);
    5. Ұнтақталған күріш (дөңгелек, салмақты);
    6. Картоп;
    7. Асханалық сәбіз;
    8. Пияз;
    9. Ақ қырыққабат;
    10. Ақ қант - құм қант;
    11. Күнбағыс майы;
    12. Сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі);
    13. Тауық еті (сан және жілік сүйектері оған жапсарлас ет);
    14. Жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% пастерленген сүт;
    15. Жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айран;
    16. Тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5% толтырғышсыз және өсімдік майынсыз сары май;
    17. Тауық жұмыртқасы (1-санат);
    18. Ас тұзы («Экстрадан» басқа);
    19. Майлылығы 5-9% сүзбе.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Егер азық-түлік дүкені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15% артық көтерсе не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағына сәйкес ішкі сауда субъектісі (иесі) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15% -дан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді. Сауда үстемесі 15% -дан асқан жағдайда сатып алушы тауар-жөнелту құжатын (жүкқұжатты), тауардың бағасын, сауда объектісінің (ЖК/ЖШС) атауын суретке түсіріп, осы ақпаратпен Бородулиха ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіне алады. Егер сатушы түрлі сылтаумен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына сатып алу бағасын беруден бас тартса, онда сатушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 бұйрығының 15-тармағын еске салу қажет.

    abay-boroduliha·
    Сұрақ

    Жұмыссыз ретінде қалай есепке тұруға болады?

    Жауап

    Жұмыссыз ретінде есепке тұру үшін: «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы Бородулиха ауданының Мансап орталығына жүгіну; «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz порталы) арқылы жүгіну қажет. Жеке басын куәландыратын құжатты, білімі және біліктілігі туралы құжаттарды, сондай-ақ соңғы жұмыс орны туралы анықтаманы (егер қолданылатын болса) ұсыну қажет.

    abay-boroduliha·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек алуға қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беру үшін: 1) egov.kz электрондық үкімет веб-порталына кіру, өтінімді толтыру және ЭЦҚ-пен қол қою, банк шотының нөмірін көрсету; 2) Тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгіну (ауылдық жерде - ауылдық округ әкіміне); 3) Екінші деңгейдегі банктердің мобильдік платформалары арқылы; 4) Отбасының цифрлық картасы арқылы смс-хабарлама жіберу арқылы белсенді қызмет көрсету қажет.

    abay-boroduliha·
    Сұрақ

    Біздің ауданда мүгедектер оңалту құралдарына қайда тапсырыс бере алады?

    Жауап

    2021 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істей бастады https://aleumet.egov.kz/ . Шын мәнінде, портал қарапайым интернет-дүкенге ұқсайды. Порталға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып кіруге болады, осы порталға кіре отырып, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ұсынылған құралды ғана көруге болады. Бөлім басшысы А. Байболова

    abay-boroduliha·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.