Сіз басқарып отырған өңірде 2022 жылы қанша шаршы метр тұрғын үй салынды?

    ulytau-kurylys

    ulytau-kurylys·
    Сұрақ

    Сіз басқарып отырған өңірде 2022 жылы қанша шаршы метр тұрғын үй салынды?

    Жауап

    Облыс бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 2022 жылы 57,1 мың шаршы метрді құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 70,4 % орындалды (2021 жылдың қорытындысы бойынша 81,1 мың шаршы метр).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер қай ауданда орналасқан?

    Жауап

    Ағымдағы жылға жоспар бойынша жалпы 243 пәтерді сатып алу жоспарда, оның ішінде: сатып алу құқығынсыз 53 пәтер, сатып алу құқығымен 190 пәтер (Жезқазған қаласы - 12 пәтер, Сәтбаев – 9 пәтер, Қаражал-110 пәтер, Жаңаарқа -80 пәтер, Ұлытау-32 пәтер).

    ulytau-kurylys·
    Сұрақ

    2023 жылы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй үшін әкімдік қанша баспана сатып алды? 2024 жылы осы мақсатта қанша баспана алынды? 2024 жылға жалпы жоспар қандай?

    Жауап

    2023 жылы облыс бойынша республикалық бюджет есебінен 854,4 млн. теңге қаражатқа 89 жалға берілетін пәтер сатып алынып, нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтары тұрғын үймен қамтамасыз етілді (Жаңаарқа ауданы - 25 пәтер, Жезқазған қаласы - 34 пәтер, Сәтбаев қаласы - 30 пәтер). 2024 жылға бекітілген республикалық бюджет есебінен 748,8 млн теңге және «Самұрық-Қазына» АҚ облигацияларын шығару есебінен 190 пәтер сатып алуға 3,1 млрд.теңге сомасында қаражат көзделген.

    ulytau-kurylys·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.