Бөтелкедегі су қандай болуы керек?

    departament-kkbtu-shymkent

    departament-kkbtu-shymkent·
    Сұрақ

    Бөтелкедегі су қандай болуы керек?

    Жауап

    Ыдыстарға құйылған ауыз су – құрамы, формасы мен сыйымдылығы әртүрлі тұмшаланып жабылған тұтыну орамына (ыдысына) құйылған, бұдан әрі өңдеусіз тікелей пайдалану үшін қауіпсіз ауыз су.

    Кеден Одағының 044/2017 « Табиғи минералды суды қоса алғанда, ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігі химиялық және тұздық құрамының көрсеткіштерімен, микробиологиялық, радиологиялық, токсикологиялық көрсеткіштерімен, тұтыну орамы (ыдысы) және таңбалауымен анықталады.

    Ауыз су қаптаманың (ыдыстың) тұтастығы бұзылмайтындай және осы қаптаманы (ыдысты) жабатын құрылғысы ашылмайтындай етіп оралуы керек. Ауыз суды өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу процесінде ауыз сумен жанасатын материалдар тамақ өнімдерімен жанасатын материалдардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

    Табиғи ауыз судың таңбалауында мынадай ақпарат болуы тиіс:

    • ауыз судың атауы;
    • дайындалып шығарылған мерзімі, жарамдылық мерзімі;
    • дайындаушының сауда белгісі;
    • ауыз суды дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері;
    • ауыз судың көлемі;
    • «газдалған» немесе «газдалмаған»сөзі;
    • су алу орны туралы мәліметтер (өзеннің, көлдің немесе басқа су объектісінің атауы);
    • «негізгі құрам:» деген сөздер бұдан әрі табиғи ауыз судың химиялық құрамының элементтері және олардың санының шекті (ең төменгі және ең жоғары)мәндері (мг/л немесе мг/дм3) көрсетіледі;

    сақтау шарттары және ашылғаннан кейінгі жарамдылық мерзімі– көлемі 5 л және одан көп тұтынушылық қаптамадағы табиғи ауыз су үшін;

    • Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмыста Кеден одағының қандай техникалық регламенттерін басшылыққа аламыз?

    Жауап

    Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына бақылау жүргізу – Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметінің бір бағыты болып табылады. Осы бағытта жұмыс жүргізу барысында Департамент төмендегі Кеден Одағы техникалық регламенттерін басшылыққа алады: КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; КО ТР 022/2011 «Тамақ өнімдері таңбалау бөлігінде»; КО ТР 023/2011«Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент»; КО ТР 024/2011 «Май өнімдеріне арналған техникалық регламент»; КО ТР 029/2012 «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»; КО ТР 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; КО ТР 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; ЕАЭО ТР 040/2016 «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; ЕАЭО ТР 044/2017 «Табиғи минералды суды қоса алғанда, оралған ауыз судың қауіпсіздігі туралы»; ЕАЭО ТР 047/2018 «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; КО ТР 005/2011 «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы»; КО ТР 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы»; КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы»; КО ТР 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»; КО ТР 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; КО ТР 019/2011 «Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы»; КО ТР 025/2012 «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; КО ТР 030/2012 «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы»; КО ТР 035/2014 «Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент».

    departament-kkbtu-shymkent·
    Сұрақ

    Тамақ өнімдерінде қандай таңбалау болуы керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде Шымкент қаласындағы сауда орындарында сатылып жатқан азық-түлік өнімдеріне санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздік анықталған сынамалар негізінен таңбалау көрсеткіші бойынша сәйкес келмеген. Бүгінгі күнде әрбір тұтынушы сатып алып жатқан тағам өнімі жөнінде және өндірушісі туралы толық және нақты мәлімет алуға құқылы. Қажетті мәліметтердің барлығы өнімнің қорабында немесе орамада таңбалау арқылы көрсетілуге тиіс. Таңбалауда болуға тиісті ақпарат Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімдерінің таңбалау бөлігі» техникалық регламентінің талаптарында көрсетілген. Тағам өнімдерін таңбалауда көрсетілуге тиісті мәліметтер: тағам өнімдерінің атауы; тағам өнімдеріне қатысты құрамы, тағам өнімдерінің мөлшері, тағам өнімдерінің жасалған күні, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер; дайындаушының сауда белгісі; тағам өнімін дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері; тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер және белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетімдер туралы мәліметтер; тағам өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері; тауар массасының шамасы, көлемі, саны; тағам өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер (өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда ГТА деп көрсетіледі); Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс. тағам өнімдерін таңбалау Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде жазылуы тиіс. Егер өнім қаптамасының сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті.

    departament-kkbtu-shymkent·
    Сұрақ

    Балалар балабақшаға немесе мектепке баруды жалғастыра ала ма?

    Жауап

    Жұқтыру уақыты бөртпе басталғаннан кейін бес күн: бұл баланың балабақшаға немесе мектепке бара алмайтын кезеңі. Сонымен қатар, бұл вирус иммундық қорғанысты 4 -тен 6 аптаға дейін төмендететінін білеміз, осы уақыт ішінде бала жаңа инфекцияны жұқтырып алу ықтималдығы әлдеқайда жоғары болады.

    departament-kkbtu-shymkent·
    Сұрақ

    Қызылша дегеніміз не және ол қалай көрініс береді?

    Жауап

    Қызылша – дене қызуының жоғарылауымен, интоксикациямен, жөтелмен, мұрынның ағуымен, конъюнктивитпен және бөртпемен сипатталатын жіті вирустық ауру. Қызылша ауыр асқынулармен, өкпенің қабынуымен, құрысулармен, мидың қабынуымен қауіпті. Ауа тамшылары арқылы беріледі.

    departament-kkbtu-shymkent·
    Сұрақ

    Тұмауға қарсы екпе сізді ауыртуы мүмкін бе?

    Жауап

    Тұмауға қарсы вакцина құрамында тұмауды тудырмайтын белсендірілмеген вирус бар. Егер сіз өзіңізді әлсіз сезінсеңіз немесе аздап қызбаңыз болса, бұл иммундық жүйенің вакцинаға қалыпты реакциясы болып саналады және әдетте бір-екі күннен аспайды .

    departament-kkbtu-shymkent·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.