Кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМК) шеңберінде қандай қызметтер көрсетіледі?

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

    Сұрақ

    Кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМК) шеңберінде қандай қызметтер көрсетіледі?

    Жауап

    Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:
    1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек.
    2. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек.
    3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК).
    4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек.
    5. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек.
    6. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек.
    7. Медициналық оңалту.
    8. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек.
    9. Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
    10. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика.
    11. Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау.
    12. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту.
    13. ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен:
    1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел көмек, сондай-ақ мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;
    2) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес МСАК;
    3) белгілі бір аурулары бар (күйдегі) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде қамтамасыз ету іске асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Куда обратиться при неоказании надлежащей медицинской помощи?

    Жауап

    Согласно законодательству Республики Казахстан, каждый гражданин имеет право на качественную медицинскую помощь, а медицинские учреждения обязаны предоставлять услуги в соответствии с установленными стандартами и нормами. В вашем случае медицинская помощь должна была быть оказана своевременно и на должном уровне, с соблюдением всех необходимых процедур. В соответствии с частью 4 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан жалоба подается в административный орган, должностному лицу, чьи административный акт, административное действие (бездействие) обжалуются. Для дальнейшего рассмотрения жалобы, мы рекомендуем вам выполнить следующие действия: Обратиться в соответствующий орган здравоохранения для подачи официальной жалобы на действия медицинских работников, которые не обеспечили надлежащее лечение. Обратиться в медицинское учреждение для повторной диагностики и получения соответствующего лечения. Вы вправе запросить направления к специалистам, а также требования к лечению, необходимому для исправления состояния пациента. Обратиться в территориальные органы здравоохранения с жалобой на бездействие местных медицинских учреждений, указывая на отсутствие должного внимания и лечения. Если ситуация не будет разрешена на местном уровне, вы можете обратиться с жалобой в суд для защиты прав. Дополнительно, в случае выявления халатности или ненадлежащего выполнения медицинских обязанностей, ответственность может быть возложена на медицинское учреждение и работников, что в свою очередь повлечет за собой административные или уголовные последствия.

    ҚР ДСМ·
    Сұрақ

    Медициналық қате дегеніміз не және оның салдары қандай болуы мүмкін?

    Жауап

    Медициналық қате — бұл медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес келмеу немесе емдеу протоколдарын орындамау, бұл науқастың денсаулығына жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Медициналық қате медициналық тәжірибенің әртүрлі аспектілерімен байланысты болуы мүмкін, мысалы, қате диагноз қою, емдеуді дұрыс тағайындамау, хирургиялық араласу кезінде қателіктер, диагностика тапшылығы немесе тиімсіз дәрі-дәрмектер тағайындау. Пациентті мүмкін болатын қауіптер туралы жеткіліксіз ақпараттандыру да қате деп саналады. Медициналық қателіктердің салдары әртүрлі болуы мүмкін, олардың ауырлық дәрежесіне байланысты. Бұл науқастың жағдайының нашарлауына, асқынулардың пайда болуына, мүгедектікке немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Мұндай қателіктер қосымша медициналық процедураларды жүргізуді, емдеу шығындарын ұлғайтуды және уақыттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Егер қате ауыр болса, дәрігер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Маңыздысы, егер қате денсаулыққа зиян келтірсе, пациент материалдық және моральдық шығындарды өтеуге құқықты. Медициналық мекемелер мен медициналық қызметкерлер стандарттар мен емдеу протоколдарын қатаң сақтауға, сондай-ақ қателіктердің алдын алу үшін қажетті диагностика жүргізуге және пациенттің сапалы әрі қауіпсіз ем алу құқығын қамтамасыз етуге міндетті. Медициналық қате анықталған жағдайда, пациент тиісті органдарға шағымдануға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

    ҚР ДСМ·
    Сұрақ

    Егер медициналық көмек көрсету кезінде денсаулыққа зиян келтірілсе, шағымды қайда жіберуге болады?

    Жауап

    Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институтын енгізуге байланысты, сапасыз медициналық көмек алып, денсаулыққа және өмірге зиян келген жағдайда, өтініш берушілер алғашқы кезеңде медициналық көмек көрсеткен денсаулық сақтау субъектісіне шағымдана алады. Денсаулық сақтау субъектісінің науқастарды қолдау және ішкі сараптама қызметі (әрі қарай - Қызмет) 20 жұмыс күні ішінде шағымды қарастырып, егер медициналық көмек көрсету барысында бұзушылықтар анықталса, тәуелсіз сараптамалық комиссия (ТСК) құрады. ТСК денсаулық сақтау субъектісінің басшысының бұйрығымен әр мамандық бойынша кемінде 3 профильді маман мен сақтандыру ұйымының өкілінен, біріккен сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы ұйымның өкілінен құралады және Қызметтен шағым түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде құрылуы тиіс. ТСК медициналық қызмет көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгенін (немесе келтірілмегенін) анықтап, қорытынды шығару үшін 5 жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды, қажет болған жағдайда мерзімін 2 айға дейін ұзартуға болады. Егер денсаулыққа немесе өмірге зиян келтірілгені анықталса, сақтандыру төлемі төленеді.

    ҚР ДСМ·
    Сұрақ

    Неге бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде мамандарды қабылдау тек жалпы тәжірибелік дәрігер арқылы мүмкін болады?

    Жауап

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес маман дәрігердің қабылдауына жазылу учаскелік дәрігердің тексеруінен кейін жүзеге асырылады; Көрсеткіштер болған жағдайда науқас маманға жіберіледі. «Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 37 бұйрығы және басқалары; - шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету; - дерматовенерологиялық аурулар; - тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологтың қабылдауына жазылу; - онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болса; - динамикалық бақылаудың ауру профилі бойынша; - жастар денсаулық орталықтарына; - сол жағдай бойынша маман дәрігерге қайта қаралғанда; - жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін көрсету кезінде және т.б. Басқа жағдайларда маманның қабылдауына жазылу учаскелік дәрігердің тексеруінен кейін жүзеге асырылады, содан кейін көрсеткіштер болған жағдайда науқас жоғары мамандандырылған маманға жіберіледі. Айта кету керек, жалпы тәжірибелік дәрігер жасына және ауру түріне қарамастан бүкіл отбасына көпсалалы көмек көрсетуге негізгі медициналық мамандықтарға бағдарланған. Мұнда науқастарды қабылдап, үйіне қаралып, профилактикалық, емдік, диагностикалық және оңалту шаралары кешені жүргізіледі. Оның еңбекке деген көзқарастары отбасының ерекшеліктерін ескеруге бағытталған. Жалпы тәжірибелік дәрігер науқасты мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін қажеттілік және медициналық көрсеткіштер бойынша маман дәрігерлерге жібереді.

    ҚР ДСМ·
    Сұрақ

    Екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі баллаар ұйымдарына қабылдауға рұқсат етіле ме?

    Жауап

    "Жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-289/2020 бұйрығына сәйкес жоспарлы профилактикалық екпелер алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу олардың топтардағы үлесі 10%-дан аспайтын болған кезде ғана жүзеге асырылады.

    ҚР ДСМ·
    Сұрақ

    Смартфоны жоқ пайдаланушыларға қалай болу керек, e-Gov арқылы ЭЦҚ арқылы вакцинация туралы ақпаратты көруге бола ма?

    Жауап

    Вакцинациялаудың электрондық паспортын смартфон және онда алдын ала орнатылған «e-Gov mobile» мобильді қосымшасы болған кезде ғана алуға болады.

    ҚР ДСМ·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.