4. Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?
Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады: Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз азаматарға «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы. Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мекен-жайы бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы порталына» онлайн түрде өтінім бере алады.