Ғибадат үйлерді салуға қалай рұқсат алуға болады?

    Абай облысының дін істері басқармасы

    Сұрақ

    Ғибадат үйлерді салуға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап
    ҚР Жер кодексінің 44 бабы 5 бөлігіне сәйкес, ғибадат үйін (құрылысжайын) салу үшін жер учаскесін беру оның құрылысы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген шешімі болған кезде жүргізіледі.
    Ғибадат үйлерді салуға шешімді беру тәртібі «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»
    ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен реттеледі.
    Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүгінеді.
    Талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы электронды анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж қауым саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген);
    3) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратын) салуға келісім беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі ғибадат үйі (ғимараты) аумағы бар жол (шектесетін тұрғын үйлер болған кезде, оның ішінде, егер шекаралардың арасында сервитут өтетін болса) ұсынылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Діни әдебитеттерді сату үшін не істеу керек

    Жауап

    Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға (сатуға) жол беріледі. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен реттеледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүгінеді. Талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып); 3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады. Осы құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады. Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

    Сұрақ

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфтидің тікелей құзыретіне жатады

    Жауап

    «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 1-тармағы және 8 тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігі және мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайтындығы көрсетілген. Осы Заңның 16 бабына сәйкес, діни бірлестік өз қызметін жарғының негізінде жүзеге асырады. Осы орайда, діни бірлестіктердің өкілдері болып табылатын имамдарды қызметке тағайындау, ескерту, сөгіс жариялау, оларды орнында қалдыру және қызметінен босату мәселелері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфтидің тікелей құзыретіне жатады.

    Сұрақ

    Діни мақсаттағы заттарарға дінтану сараптамасын өткізу қажет пе?

    Жауап

    «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағына сәйкес, құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар дiни мақсаттағы заттар болып табылады. Осыған орай Заңның 6-бабына сәйкес, бұл заттар дінтану сараптамасының объектілеріне жататындықтан оларға дінтану сараптамасы жүргізіледі. Дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша заттың діни қатыстылығын анықтайтын хат дайындалады.

    Сұрақ

    "Діни әдебиетті тарату не сату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешімін қалай алады?

    Жауап

    "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу туралы шешім» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 23 (жиырма үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып); 3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады. Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады. Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

    Сұрақ

    Қандай жерлерде діни рәсімдерді бөгетсіз жүргізуге болады

    Жауап

    Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда тұрғын жайларда, қажет болған кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Қазақстанда мектептерде діни киім кию мәселесі өзекті болып тұр. Заңда оны киюге тыйым салынады, бұл діндар азаматтардың құқығын бұзу емес пе немесе қандай да бір жеңілдік бола ма?

    Жауап

    Біріншіден, қоғамдағы міндетті мектеп формасын сақтауға қатысты мемлекеттің заңнамалық нормаларына тоқталған жөн. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Бұл ретте, осы бапта жазылғандай, «Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс». Конституциялық және өзге де заңнамалық нормаларға сүйене отырып, «Білім туралы» Заң осы саладағы тиісті құқықтық қатынастарды анықтайды. Атап айтқанда, «Білім туралы» Заңның 47 және 49 баптары оқушылардың мектеп формасын міндетті түрде сақтауын және ата-аналардың мектеп формасын сақтауды қамтамасыз ету міндетін бекітеді. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы» бұйрығы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес әзірленген. Сондықтан бұл сенушілердің құқықтарын бұзу болып табылмайды.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.