Мұқтаж адамдарға көмектесетін қоғамдық ұйым ашқым келеді. Бірақ өз қаражатым жетпейді. Қоғамдық ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырысқа қалай қатысуға болады?
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жергілікті атқарушы органдар және Атырау қаласы, аудан әкімдіктері қаржыландырады. Құзырлы мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алулар порталында ҮЕҰ-ға арналған әлеуметтік жобаларды орындау бойынша сатып алу жөнінде конкурс жариялайды. Конкурсқа әділет органында тіркелген қоғамдық ұйым қатысуға құқылы. Сонымен қатар, қоғамдық ұйым міндетті түрде ҮЕҰдың республикалық дерекқор тізімінде болуы қажет.