Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін субсидия қашан төленеді?

    almobl-auyl

    almobl-auyl·
    Сұрақ

    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін субсидия қашан төленеді?

    Жауап

    Өтініштерді қабылдау, қарау және субсидияларды төлеу тәртібі

    Субсидиялардың тиісті түрлеріне өтінімдер қабылдау бюджет қаражатының бар-жоғына қарамастан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттарда көзделген мерзімдерде ауыл шаруашылығы жануарларының тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

    Өтінімді қалыптастыруды және тіркеуді тауар өндіруші жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізеді:

    1) мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырады, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін сканерлейді және қоса тіркейді;

    2) өтінімді СМАЖ-да: тауар өндірушінің;

    нотариус тағайындайтын мұраны сенімгерлікпен басқарушының (тауар өндіруші қайтыс болған жағдайда) ЭЦҚ-сын қою арқылы тіркейді.

    Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2024 № 217 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

    ЭЦҚ қойылғаннан кейін өтінім ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде деректердің және қоса берілген осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады. Сәйкес болған жағдайда, өтінім мақұлдануға жатады, ЖАО (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысының ЭЦҚ-сы қойылады және мақұлданған өтінімдер тізіліміне (күту парағына) барып түседі, сондай-ақ ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама жібереді.

    Өтінімдерді қарау және мақұлданған өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдерді тіркеу күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

    Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2024 № 217 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

    Субсидиялар беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) тауар өндірушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды жолдайды.

    Субсидияларды беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

    Тиісті бағыт бойынша қаражат болған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім мақұлданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ай сайынғы қаржыландыру жоспарын ескере отырып, "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған шоттарды СМАЖ-да қалыптастырады.

    Субсидия көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттік қаражат көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдердің келіп түскен күніне сәйкес кезектілік бойынша келесі айда жүзеге асырылады.

    Екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері туралы қате мәліметтерге байланысты төлеуге шоттар қайтарылған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) тауар өндірушіден екінші деңгейдегі банк шотының деректемелерін өзгертуге арналған қосымша өтініш негізінде ағымдағы өтінім бойынша СМАЖ-да екінші деңгейдегі банктің деректемелеріне тиісті өзгерістер енгізеді.

    24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2024 № 217 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

    24-1. Өтінімді толық қанағаттандыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) СМАЖ арқылы тауар өндірушінің жеке кабинетіне тиесілі субсидияларды ішінара төлеу жөнінде ұсыныс жолдайды. Тауар өндірушінің ұсынысы 2 (екі) күн ішінде қабылданады/қабылданбайды. Тауар өндіруші келіскен кезде ЖАО жіберілген ұсынысқа сәйкес төлем жүргізеді. Тиесілі субсидиялардың қалғаны қаражатты субсидиялар түрлері арасында қайта бөлу және (немесе) ағымдағы/келесі қаржы жылында (жылдарында) бюджет қаражатын бөлу кезінде төленеді.

    Тауар өндіруші ішінара төлеу туралы ұсынысты қабылдамаған кезде немесе 2 (екі) күн өткеннен кейін ұсыныс күту парағына сәйкес келесі тауар өндірушіге жіберіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Ауыл Аманаты» бағдарламасы шеңберінде микрокредиттің ең көп берілетін сома?

    Жауап

    Микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 9,8 млн. теңге, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 31,4 млн. теңге,. Несиелер келесі бағыттар бойынша беріледі -Мал шаруашылығы; Өсімдік шаруашылығы; Кооперативтер; Ауылшаруашылық бизнесі емес бағыт бойынша;

    almobl-auyl·
    Сұрақ

    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары шеңберінде кредит берудің қандай шарттары бар?

    Жауап

    Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мынадай шарттармен мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, кредиттер береді: 1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін; 2) кредиттің ең жоғары сомасы– 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды; 3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды; 4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру: тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап); етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап); етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап); көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап); жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап); өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын; ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын; қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын; өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын; осы Қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын; құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды; қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі); қой фермаларын (5000 бастан бастап); 5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы; 6) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімді құрайды. 1) 1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін; 2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 9,8 млн. теңге, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 31,4 млн. теңге. 3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды; Ауылдық елді мекендердің (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалалардың мынадай жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады: 1) жұмыссыздар; 2) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер; 3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; 4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар; 5) "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кооперативі); 6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер. Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары: 1) жобаның басым бағыттарға сәйкестігі; 2) тұрақты жұмыс орындарын құру; 3) жеке тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 (он екі) ай (микрокредит алуға өтінім беру күніне) тұрақты тіркеудің болуы; дара кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы; 4) жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу. Микрокредиттер мынадай мақсаттарға берілмейді: 1) жеңіл автокөлік сатып алу; 2) ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан сатып алу; 3) кейіннен жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды, тұрғын үйлерді сатып алу және/немесе салу.

    almobl-auyl·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.