Жұмыс табу үшін қайда жүгінуге болады?
Алатау қаласының жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыздыққа тіркеліп, қаламызға қарасты бос жұмыс орындарына жұмысқа оргаласуыңызға болады
Алатау қаласы әкімдігі
Жетіген ықшам ауданында Сырдария көшесіне жол жөндеу жұмыстары қашан жасалады?
Жетіген шағын ауданының Сырдария көшесіне 2024 жылы конкурс жариаланып жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні жобалау-сметалық құжаттама жасауға көнкурс жариаланып мердігер мекеме анықталып жұмыстар жүргізілуде. ЖСҚ дайын болғаннан кейін және сараптаманың он қортындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілетін болады.
Жұмыс табу үшін қайда жүгінуге болады?
Алатау қаласының жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыздыққа тіркеліп, қаламызға қарасты бос жұмыс орындарына жұмысқа оргаласуыңызға болады
Жетіген ықшамауданында Мерей көшесін асфальттау мәселесі қашан шешіледі?
Бүгінгі таңда аталған жолға орташа жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған бюджеттік өтінім жасақталады. Қаржы бөлінуіне қарай жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жобалау мерзімінің ұзақтығы (РПП – жобалаудың болжамды мерзімі) шамамен 6 айды құрайды. Сараптамадан өту мерзімі – 45 күн.
2025 жылы Мерей көшесіне асфальт төселеді ме, жоқ па?
2024 жылы Жетіген ықшам ауданындағы Мерей көшесіне жобалау-іздестіру жұмыстарына конкурс жарияланған болатын. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланып, мердігер ұйым анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. ПСД әзірленіп, сараптамадан оң қорытынды алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына бюджетке өтінім беріледі.
Гейт Сити да су мәселесі қашан шешіледі?
Қазір 3- ші жылыту қазандықты орталықтандырылған суға қосу жұмыстары жүргізілуде