АМСК ұйымына жүгінген кезде өзімен бірге жеке куәлігі болуы және сол жерде бас дәрігердің атына өтініш жазу қажет.
Еgov.kz порталы арқылы тіркелген кезде авторизациядан өту, электрондық өтінімді толтыру қажет.
Қазақстандықтар үшін қажетті денсаулық сақтау ұйымын таңдау еркін болып табылады.
Медициналық сақтандыру қорымен тиісті шарты бар жеке немесе мемлекеттік ұйымдарға тіркелуге болады.
Медициналық ұйымға тіркелуді өзгерту басқа елді мекенге көшу кезінде, емхана қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда, тіркеу науқаны кезеңінде (жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін) емхананы еркін таңдау кезінде жылына 1 реттен жиі емес болуы мүмкін.
Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүргізіледі, ал оның нәтижелері келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Яғни, басқа емханада (осы емхана оны тіркеуге өтінімін растаған жағдайда) пациент жаңа жылдың басынан бастап медициналық көмек ала алады. Басқа емханаға тіркелген кезде бұрынғы емханадан тіркеуден алу автоматты түрде жүргізіледі.
Тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес.
Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе ол орналасқан емхана қайта ұйымдастырылған немесе жабылған болса және т. б. жасауға болады.