Қаңғыбас иттер мен мысықтарды қандай жағдайларда жансыздандырады?

    aktobe-veterinariya

    aktobe-veterinariya·
    Сұрақ

    Қаңғыбас иттер мен мысықтарды қандай жағдайларда жансыздандырады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 15 бап 1 тармағына сәйкес, егер жануарлардың физикалық қиналуын өзгеше тәсілмен тоқтату мүмкін болмаса, жануарлардың физикалық қиналуын тоқтату үшін;

    2) жануарлардың жаңа туған төлінде ауытқулар мен кемістіктердің анық білінген белгілері болып, ол тіршілік етуге қабілетсіз болған кезде;

    3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жабайы жануарлардың санын реттеу мен аң аулау, балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу кезінде;

    4) жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда;

    5) адамның және жануарлардың саулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жою кезінде жол беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе егу жұмыстары қалай жүргізіледі?

    Жауап

    2025 жылға жануарлар мен құстарды 13 аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау бойынша жоспар бекітілді. Барлық вакциналар республикалық қордан жеткізіледі. Егу жұмыстары әрбір вакцинаның нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

    aktobe-veterinariya·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы жануарларын қандай уақытта бірдейлендіруді жүргізу қажет?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 ж.№7-1/68) қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі: ірі қара мен ұсақ малдардың төлдері (бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар) – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін, құлындар – төрт айлық жасынан бастап таңбалау және туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін чиптеу жұмыстары жүргізіледі.

    aktobe-veterinariya·
    Сұрақ

    Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулағаннан кейін қандай шаралар қолданасыздар?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 25 бабына сәйкес, Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу мемлекет, жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жануарларды стерилизациялау, жайластыру, халыққа білім беру іс- шараларын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қаңғыбас жануарлардың санын азайту үшін қабылдайтын шаралар кешенін білдіреді.

    aktobe-veterinariya·
    Сұрақ

    Қаңғыбас иттерді неге аулауға болмайды?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 4 бап, 1 тармағына сәйкес, Жануарларға қатыгездікпен қарауға тыйым салынады. Жануардың өлуіне, мертігуіне немесе саулығына өзге де зиян келтіруге алып келген немесе алып келуі мүмкін жануарды ұрып-соғуға, азаптауға, оның ішінде аштықпен, шөлмен азаптауға және жануарды бөлшектеу, өртеу, суға батыру, тұншықтыру, өлімші етіп ұру арқылы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттеріне тыйым салынады.

    aktobe-veterinariya·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.