Бюджеттің орындалуын ашық дереккөздерде қарау мүмкін бе?
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ egov.kz сайтында «Азаматтық бюджет» жеке қойындысы бар. Азаматтық бюджет – республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жалпыға қолжетімді нысанда жарияланған ақпарат.