Ағаштарды кесуге рұқсат беру
zhkh-priozersk
Ағаштарды кесуге рұқсат беру
Аталмыш қызмет «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі.
Қызмет алушы "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы өтінім береді және келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- өтініштің электрондық нысаны;
- қолданыстағы ағаштарды, тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйін көрсете отырып, объектінің дақтарында өсетін жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
- өтемдік ағаш отырғызу жоспары;
- көшеттерді отырғызудың аяқталу күнін көрсете отырып, ағаштарды өтемдік отырғызу бойынша кепілдік хат;
- өтемдік көгалдандыруға арналған ұйыммен (мамандандырылған) шарт;
- ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы);
- жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі