Жауап
Тапсырыс беруші (меншік иесі) Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз жүзеге асыра алады: 1) екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды; 2) жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды тұрғызуды; 3) алаңішілік байланыс желілерін салуды; 4) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы учаскелерде және саяжай учаскелерінде абаттандыруды; 4-1) бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) орналастыруды; 5) контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендерді, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) салуды; 6) төтенше ахуал және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар салуды; 7) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпсіз уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), жылыжайлар, парниктер, павильондар, байланыс, жарықтандыру тіректерін, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды; 8) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстарын салуды; 9) автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтарды, сондай-ақ екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждарды салуды; 10) желілік инженерлік жолдар мен оларға арналған құрылысжайларға олардың жағдайын, төсеу тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеуді; 11) шағын сәулет нысандарын салуды және аумақты қоршауды; 12) ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салуды, ғимараттар (құрылысжайлар) маңында тас төсеніштер төсеуді; 13) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеуді және ауыстыруды; 14) инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғауды; 15) жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды; 16) тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды); 17) өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлауды (қайта жабдықтауды); 18) кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электрмен жабдықтау желілерін салуды; 19) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт сигнализациясы жүйесін салуды және монтаждауды; 20) усадьба үлгісіндегі тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды; 21) жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілерін салуды және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждауды жүзеге асыра алады.