Соттылығы бар тұлға мемлекеттік қызметке кіре ала ма?
Мемлекеттiк қызметке кiру уақытына заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауға болмайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарында жұмыс өтілінің жалпы жиынтығы не деп түсініледі
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынаҮлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтілі ретінде:
1) мемлекеттік лауазымдардағы - мемлекеттік саяси лауазымдардағы жұмыс өтілі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдардағы жұмыс өтілі, құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарындағы жұмыс өтілі, Қарулы күштер немесе әскери оқу орындардағы, әскери қызмет өтілі;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заңнамалық актiлерiнде олар үшiн өзгеше құқықтық мәртебе айқындалған өзге де лауазымдардағы – соттар (оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының) лауазымындағы жұмыс өтілі, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының жұмыс өтілі;
3) тиісті санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда - ұйымдарда, оның ішінде орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда (оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде), халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдардағы, шетелдік мемлекеттік құрылымдардағы (бұдан әрі – ұйым) жұмыс өтілі танылады.
Тиісті санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілін айқындау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады (шетелдік, трансұлттық ұйымдардың немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың жұмыс өтілі де өзге құжаттармен расталуы мүмкін).
Жалпы жиынтық жұмыс өтілі тармақшалардың біреуі бойынша жұмыс өтілі жеткіліксіз болған кезде ескеріледі. Мысалы, егер Сізде мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі жеткіліксіз болса, оған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдардағы, шетелдік мемлекеттік құрылымдардағы жұмыс өтілі қосылуы мүмкін.
Соттылығы бар тұлға мемлекеттік қызметке кіре ала ма?
Мемлекеттiк қызметке кiру уақытына заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауға болмайды.
Бұрын ауыр емес қылмыс жасаған адам мемлекеттік қызметке кіре ала ма?
Мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауға болмайды.
Мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде сенімнен айырылуына байланысты мемлекеттік саяси қызметтен шығарылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауға болмайды.
Мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде сенімнен айырылуына байланысты мемлекеттік саяси қызметтен шығарылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауға болмайды.
ҚР мемлекеттік қызметке кімдер кіре алады?
Мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жасы бойынша шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында олардың өкілеттік мерзімдері айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарға қолданылмайды. Зейнеткерлік жасқа толған адамды осы бапта көзделмеген өзге жағдайларда мемлекеттік саяси лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті ғана тағайындауы мүмкін. Құқық қорғау органдарының лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылатын жасына байланысты шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағында мемлекеттік қызметке кіруге болмайтын шектеулер көрсетілген.
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары?
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары: Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормалары мен заңнама талаптары бойынша кеңес беру. Әдеп бұзушылықтардың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау мониторингін жүргізу. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу. Ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ету
Бір құрылымдық бөлімшеден екіншісіне ауысқан жағдайда тәртіптік жазаның алып тасталуы бойынша түсіндірме беруіңізді сұраймын?
Мемлекеттік әкімшілік қызметшіні басқа мемлекеттік органға тағайындаған жағдайда, оған бұрын қолданылған тәртіптік жаза алып тасталды деп есептеледі. Мемлекеттік қызметші бір мемлекеттік органның ішінде бір бөлімшеден екіншісіне ауысқан жағдайда, сонымен қатар функционалдық міндеттері өзгерген жағдайда, ол осы мемлекеттік органда мемлекеттік қызметті өткеруі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттік қызметшінің осы мемлекеттік органдағы қызметі тоқтатылмайды. Бұл бір мемлекеттік орган шеңберінде деңгейлес жүріп-тұру немесе төмен тұрған лауазымдарға ауысу кезінде де орын алады. Баяндалғаның негізінде, мемлекеттік қызметшілерден тәртіптік жазаны алып тастау туралы мәселені шешуді мемлекеттік органдар заңнамада көзделген талаптарды ескере отырып, дербес қабылдайды.
Тәртіптік теріс қылық анықталған күн?
Уәкілетті адамға комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы келіп түскен күн тәртіптік теріс қылық анықталған күн болып саналатынын түсіндіреміз.
Тәртіптік жаза қолдану мерзімі?
Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қолданыла алмайды. Жоғарыда көрсетілген мерзімдерді сақтау мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау кезінде мемлекеттік органдар үшін міндетті талап болып табылады. Осылайша, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану екі мерзім де, яғни теріс қылық анықталған күннен бастап және ол жасалған күннен бастап ғана мүмкін болады.