Айтыңызшы, сізде кадр тапшылығы бар ма және жұмысқа қалай баруға болады?
Бүгінгі таңда Шемонаиха, Алтай, Риддер аудандарында өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерлерінің үлкен тапшылығы бар. Құқық қорғау органдарына қызметке ерікті негізде он сегіз жасқа толған, отыз бес жастан аспаған, орта білімнен төмен емес, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери қызмет немесе әскери даярлықтан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Іріктеу келесі келесі кезеңдерді қамтиды: 1) іріктеуді өткізу туралы хабарландыруды жариялау; 2) іріктеуге қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау; 3) кандидаттардың әскери-дәрігерлік комиссияларда (бұдан әрі – ӘДК)Медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтуі; 4) полиграфологиялық зерттеуден өту; 5) кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтерді тапсыруы 6) кандидаттардың іріктеу комиссиясымен әңгімелесуден өтуі.