Тұрғын үйді қалай алуға болады?
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 67-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 74-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, осы елді мекенде тұрақты тұратын және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға өтініш берілген сәттен бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. Аталған тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан осы тізімге енгізілгендердің басқалардың алдында тұрғын үй алуға ешкімнің басым құқығы жоқ.