Куәгерлерді мәжбүрлеп әкелу қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
Егер куәгер шақыру бойынша ақталған себептерсіз келмеген жағдайда, оны сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның негізделген қаулысымен мәжбүрлеп әкелуге болады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Сотталғандарға қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және бейне (видео) кездесулерді берудің негіздерін түсіндіруіңізді сұраймын?
Сотталғандардың мекеме ішінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулерге құқығы бар. Бұл ретте сотталғанның өтініші бойынша қашықтықтан бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесу берілуі мүмкін. Берілетін кездесулердің саны сотталғанның ұстау жағдайына байланысты болады.
Орташа қауіпсіз мекемелерде жазасын өтеуші сотталғандар үшін:
- жеңілдікті жағдайда жазасын өтеушілер жылына 6 қысқа мерзімді және 6 ұзақ мерзімді кездесуге;
- дағдылы жағдайда жазасын өтеушілер жылына 6 қысқа мерзімді, 2 ұзақ мерзімді кездесуге;
- қатаң жағдайда жазасын өтеушілер жылына 3 қысқа мерзімді кездесуге құқықтары бар.
Сол сияқты, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен, қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше қауіпсіз және толық қауіпсіз мекемелерде өтеуші сотталғандарға тиесілі кездесулердің саны сотталғандардың ұстау жағдайына байланысты.
Екі тәуліктік кездесуге (ұзақ мерзімді) сотталған адам тек жақын туыстарын немесе ортақ балалары бар адамды ғана шақыра алады.
Осыған байланысты, мекеме әкімшілігіне неке қию туралы куәлік болмаған жағдайда жақын туыстық немесе ортақ балалары бар екенін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Екі сағаттық қысқа мерзімді кездесу кезінде туыстық қатынастарды растау талап етілмейді.
Куәгерлерді мәжбүрлеп әкелу қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
Егер куәгер шақыру бойынша ақталған себептерсіз келмеген жағдайда, оны сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның негізделген қаулысымен мәжбүрлеп әкелуге болады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына 2025 жылғы 10 қаңтарда енгізілген соңғы өзгерістер нені білдіреді?
Полиция қызметкерлерін құқықтық қорғауды күшейту және олардың қызметтік қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу мақсатында.
Қарудың қандай түрлерін рұқсатсыз сақтауға болады?
Ішкі істер органдарында рұқсатынсыз азаматтар механикалық бүріккіштерді, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жабдықталған басқа құрылғыларды, пневматикалық, тұмсық энергиясы 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгі қаруды сақтай алады.
Ұсталған тұлғаға кепілдік түріндегі процессуалдық шара қандай жағдайларда қолданылады?
Қылмыстық істі жүргізетін орган өз өкілеттігі шегінде ұсталынған тұлғаға кепілдік түріндегі процессуалдық шара қолдануға құқылы.
Бағдаршам нысанын орнатуды сұраймын?
Бағдаршам объектісін орнатумен әкімдіктер айналысады. Аумақтық полиция бөлімшелері учаскеге тексеру жүргізеді және негізді болған жағдайда Ішкі істер органдарының қызметкерлері бағдаршам объектісін орнату үшін жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі-ЖАО) өтініш енгізеді.
Егер сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірудің ауырлығын анықтамаса, агрессорды қалай жауапқа тартуға болады?
Дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабында көзделген.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі қай жастан басталады?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 65-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108-1-бабында көзделген.