Куәгерлерді мәжбүрлеп әкелу қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
Егер куәгер шақыру бойынша ақталған себептерсіз келмеген жағдайда, оны сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның негізделген қаулысымен мәжбүрлеп әкелуге болады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды және жазаны неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру қолдану мәселесін қарауды сұраймын.
Жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың (бұдан әрі-ШМББ) немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырудың (ЖЖА) негізгі шарттары сотталғанның қылмыспен келтірілген зиянды толық өтеуі және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзудың болмауы болып табылады.
Мекеме әкімшілігі сотталғанның ШМББ немесе ЖЖА туралы өтінішхатына оның жазасын өтеу кезеңінде жеке басын, мінез-құлқын, жұмысқа және оқуға қатынасын сипаттайтын мәліметтер қоса беріледі және сотталған адам өтініш жасағаннан күннен бастап 10 күн мерзім ішінде материалды сотқа жолдайды, сондай-ақ прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді.
Бұған қоса, ШМББ және ЖЖА ауыстыру мәселелерін қарау соттың құзіретіне жататын атап өтеміз.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес соттың сот төрелігін жүзеге асырудағы қызметіне аралсуға жол берілмейді және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Куәгерлерді мәжбүрлеп әкелу қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
Егер куәгер шақыру бойынша ақталған себептерсіз келмеген жағдайда, оны сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның негізделген қаулысымен мәжбүрлеп әкелуге болады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына 2025 жылғы 10 қаңтарда енгізілген соңғы өзгерістер нені білдіреді?
Полиция қызметкерлерін құқықтық қорғауды күшейту және олардың қызметтік қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу мақсатында.
Қарудың қандай түрлерін рұқсатсыз сақтауға болады?
Ішкі істер органдарында рұқсатынсыз азаматтар механикалық бүріккіштерді, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жабдықталған басқа құрылғыларды, пневматикалық, тұмсық энергиясы 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгі қаруды сақтай алады.
Ұсталған тұлғаға кепілдік түріндегі процессуалдық шара қандай жағдайларда қолданылады?
Қылмыстық істі жүргізетін орган өз өкілеттігі шегінде ұсталынған тұлғаға кепілдік түріндегі процессуалдық шара қолдануға құқылы.
Бағдаршам нысанын орнатуды сұраймын?
Бағдаршам объектісін орнатумен әкімдіктер айналысады. Аумақтық полиция бөлімшелері учаскеге тексеру жүргізеді және негізді болған жағдайда Ішкі істер органдарының қызметкерлері бағдаршам объектісін орнату үшін жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі-ЖАО) өтініш енгізеді.
Егер сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірудің ауырлығын анықтамаса, агрессорды қалай жауапқа тартуға болады?
Дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабында көзделген.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі қай жастан басталады?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 65-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108-1-бабында көзделген.