Уақытша тұруға рұқсат дегеніміз не?

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

    Сұрақ

    Уақытша тұруға рұқсат дегеніміз не?

    Жауап

    Уақытша тұруға рұқсат (УТР) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған кезде көшіп келушілерге берілетін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұруға құқық беретін құжат.

    УТР келу мен болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) келген азаматтар үшін тиісті санаттағы визаны ауыстырады.

    Осылайша, шетелдіктер біздің еліміздің аумағында заңды болу үшін УТР – уақытша тұруға рұқсат ресімдей алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына 2025 жылғы 10 қаңтарда енгізілген соңғы өзгерістер нені білдіреді?

    Жауап

    Полиция қызметкерлерін құқықтық қорғауды күшейту және олардың қызметтік қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу мақсатында.

    ҚР ІІМ·
    Сұрақ

    Қарудың қандай түрлерін рұқсатсыз сақтауға болады?

    Жауап

    Ішкі істер органдарында рұқсатынсыз азаматтар механикалық бүріккіштерді, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жабдықталған басқа құрылғыларды, пневматикалық, тұмсық энергиясы 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгі қаруды сақтай алады.

    ҚР ІІМ·
    Сұрақ

    Бағдаршам нысанын орнатуды сұраймын?

    Жауап

    Бағдаршам объектісін орнатумен әкімдіктер айналысады. Аумақтық полиция бөлімшелері учаскеге тексеру жүргізеді және негізді болған жағдайда Ішкі істер органдарының қызметкерлері бағдаршам объектісін орнату үшін жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі-ЖАО) өтініш енгізеді.

    ҚР ІІМ·
    Сұрақ

    Егер сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірудің ауырлығын анықтамаса, агрессорды қалай жауапқа тартуға болады?

    Жауап

    Дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабында көзделген.

    ҚР ІІМ·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.