ҚР-да сатып алынған автокөлікті 270.00 декларациясында кімге көрсету керек?
Сұрақ : ҚР-да сатып алынған автокөлікті 270.00 декларациясында кімге көрсету керек? Жауап : 270.00 декларациясында ҚР аумағында және аумағынан тыс мүлікті сатып алу және иеліктен шығару туралы мәліметтерді көрсету міндетті тек «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген адамдарға, атап айтқанда мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, лауазымды адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғаларға, сондай ақ олардың жұбайларына ғана жүктелген.