Қазақстан Республикасынан шетел валютасын әкету

    kgd-akmola

    kgd-akmola·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасынан шетел валютасын әкету

    Жауап

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 343–бабы 1–тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО–тың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма–қол ақша қаражатының және жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма–қол ақша қаражаты және жол чектері кедендік декларациялауға жататынын хабарлайды.

    Алайда, бүгінгі таңда елдің ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығы қолданылады, онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма–қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.

    Сонымен қатар, «Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешіміне сәйкес 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер, аталған тұлғалармен бірге жүретін тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтермен бірге бір жолаушы кедендік декларацияда көрсетіледі.

    Осылайша, отбасының әрбір мүшесіне 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын қолма–қол шетел валютасын әкетуге рұқсат етіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Декларация тапсыру мерзімі басталған кезде шетелде немесе ұзақ мерзімді іссапарда болатын Қазақстан Республикасының азаматтары есепті қалай тапсырады?

    Жауап

    Салық есептілігі электрондық түрде салық төлеушінің кабинеті арқылы, «Электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ «e-Salyk Azamat» и «e-Gov mobile», «Халық банкінің» мобильді қосымшалар арқылы тапсыруға болады. - нақты тәртіпте - қағаз жүзінде, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы; - хабарламамен бірге тіркелген почта арқылы - қағаз жүзінде; Сонымен қатар, ол салық міндеттемесін тиісті сенімхатпен уәкілетті өкіл арқылы орындауды қарастырады.

    kgd-akmola·
    Сұрақ

    Бақылау-қасса машиналарын қолданудан кім босатылады?

    Жауап

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып, міндетті есепке алынуға жататынын хабарлайды. Бұл ретте қолданылатын БКМ моделі Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс. Бақылау – касса машиналарын қолданудан кім босатылады? Кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар жүзеге асыратын есеп айырысулар. Жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен медиаторлардың қызметі. Белгіленген нысандағы билеттерді міндетті түрде бере отырып қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін операциялар. Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялық желі жоқ елді мекендерде жүзеге асырылатын салық төлеушілердің қызметі. Екінші деңгейдегі банктер жүргізетін есеп айырысулар. Діни бірлестіктер. Ұлттық пошта операторы-байланыс желісіне қол жеткізусіз орындарда есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда. Уәкілетті органдар мақұлдаған арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар. Телекоммуникациясыз аумақтар үшін ерекше жағдайлар Кәсіпкерлік қызмет телекоммуникациялық желі жоқ аймақта жүргізілетін жағдайларда, осы модель Мемлекеттік тізілімге енгізілген жағдайда, деректерді беру функциясынсыз бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға жол беріледі.

    kgd-akmola·
    Сұрақ

    Көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі қандай?

    Жауап

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы хабардар етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мынадай төлемдер төленуге тиіс Кедендік декларациялау үшін кедендік алым – 6 айлық есептік көрсеткішті құрайды (ҚР Үкіметінің 05.04.18 ж. № 171 Қаулысымен бекітілген). Әкелу үшін төленетін кедендік алымдар – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес айқындалады. Салық мөлшерлемесі қозғалтқыштың шығарылған жылына, көлеміне және түріне байланысты және 0% - дан 18%-ға дейін өзгеруі немесе өлшем бірлігіне байланысты белгіленген мөлшерде белгіленуі мүмкін (ЕЭК Кеңесінің 14.09.21 г № 80 шешімі). Акциз – жеңіл автомобильдерге және негізінен адамдарды тасымалдауға арналған, қозғалтқыш көлемі 3 000 текше см-ден асатын өзге де моторлы көлік құралдарына қатысты төленеді, акциз ставкасы 1 куб см үшін 100 теңгені құрайды (Салық кодексінің 463-бабының 4-тармағы). Қосылған құн салығы (ҚҚС) – салық салынатын импорттың 12% (ҚР Салық кодексі). Көлік құралдарына қатысты ҚР-ның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жөніндегі міндеттемелері шеңберінде кедендік әкелу баждарының төмендетілген ставкаларын қолдануға болатынын қосымша хабарлаймыз. Бұл ретте ДСҰ ставкалары бойынша ресімделген көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетілмейді. Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды белгіленген талаптарды сақтауға және көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді уақтылы төлеуге шақырады. Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Сіз аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына хабарласа аласыз немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтына кіре аласыз: https://kgd.gov.kz .

    kgd-akmola·
    Сұрақ

    Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылған ба?

    Жауап

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнеткерлер жеке тұлғалардың мүлік салығынан толығымен босатылатындығы туралы ақпарат таратылатынын хабарлайды. Дегенмен бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес бөлек тұратын зейнеткерлер заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде босатылады. Есептеу барысында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiш мөлшері қолданылады. Сонымен қатар, келесі тұлғалар да жеке тұлғалардың мүлік салығынан: 1) айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде – Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағымен және «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар; 2) айлық есептік көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында белгіленген өзге де тұлғалар босатылады.

    kgd-akmola·
    Сұрақ

    Мен 250.00 нысандағы декларацияға (жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация) ақпаратты қате енгіздім, деректерді қалай қайтаруға немесе түзетуге болады?

    Жауап

    Декларацияны 250.00 есептілік нысанын «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық өтініштері» бөлімі, бұдан әрі «Салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтініш»); Egov порталы («Кеден және салықтар» бөлімі, «Салық салу» бөлімшесі, «Декларацияны кері қайтарып алу» қызметі) арқылы кері қайтаруға немесе түзетуге болады. Декларацияны толығымен кері қайтару келесі жағдайларда жүзеге асырылады: - мерзімі яғни декларация тапсырылған есепті жылы дұрыс көрсетілмеген болса; - декларацияны тапсыру бойынша іс жүзінде ешқандай міндеттеме жоқ болса. Егер Сіз декларацияда қате жіберіп, салық органының кодын, резиденттік мәртебесін немесе салық есептілігінің түрін дұрыс емес көрсеткен болсаңыз, онда түзету әдісі бойынша декларация кері қайтарып алынады (декларация жүйеде қалады және оны табыстау күні өзгермейді). Басқа жағдайларда, яғни Сіз сандарда қате жіберген мәліметтерді (кірістер, қолма-қол ақша, жылжымалы/жылжымайтын мүлік және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі банктік шоттардағы ақша және т.б. туралы) толық көрсетпеген болсаңыз, айырмашылықтың сомасын немесе көрсетілмеген ақпаратты «қосымша» декларацияны табыстау арқылы түзете аласыз.

    kgd-akmola·
    Сұрақ

    Мен пәтердің иесімін, бірақ мүлік салығы менің жұбайыма есептелді, неге?

    Жауап

    Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк, олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады . («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 33-бабы). Ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші ​​болып табылады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келсе, онда меншік иелерінің біреуі ғана төлем жасайды. Ортақ үлестік меншікте осы мүліктегі үлесіне сәйкес мүліктің барлық меншік иелері салық төлеушілер болып табылады. Мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті орган («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ) жіберген мәліметтердің негізінде ерлі-зайыптылардың біріне мүлік салығын есептейді. Жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі бірінші қазанда аяқталады. Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында «Алдағы төлемдер» сервисінде және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасынан, сондай-ақ банктердің «Kaspi.kz» және «Halyk bank» мобильді қосымшаларында көруге болады.

    kgd-akmola·
    Сұрақ

    Декларацияның ( 250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» /270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация») қабылданғанын/қабылданбағанын қалай және қайдан білуге болады?

    Жауап

    Декларацияның (250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» / 270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация» нысаны) қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны Сіз декларацияны табыстаған қосымшадан немесе кез келген келесі қосымшалардың бірінен қарап/жүктеп алуыңызға болады: - e-Salyq Azamat («Декларация табыстау» бөлімінде/«СЕН табыстаудың тарихы») ; - «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық есептілігінің нысандары» бөлімінде/ «Нысандар журналы»).

    kgd-akmola·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.