Қазақстандық өнімдер дүкендерде көбірек орын алады ма?
Қазақстанда сауда желілерде және базарларда қазақстандық өндірушілердің азық-түлік өнімдерін кемінде 30% мөлшерде сөрелерде орналастыру міндеті қойылған. Бұл жергілікті өндірушілерді қолдауға және олардың өнімдерін сатып алушыларға қолжетімді етуге көмектеседі. Егер сауда желілер және базарлар мемлекеттен қолдау алса, онда отандық азық-түлік тауарларын сөрелерде 50% - ға дейін (бұл 30% — жалпы сауда ережелері бойынша, ал тағы 20% — мемлекеттік қолдау аясында) және азық-түлік емес тауарларын кемінде 20% орналастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар, Қазақстанда жасалған өнімдер арнайы «Қазахстанда жасалған» деген жазу немесе тақтайшамен белгіленуі керек. Бұл сатып алушыларға жергілікті өнімдерді оңай ажыратуға көмектеседі. Мұндай өнімдер көбіне көрнекті жерлерде, мысалы, көз деңгейінде орналасады және көп сұранысқа ие өнімдермен бірге қойылады. Бұл шаралар отандық өндірісті қолдауға және қазақстандық өнімдерді сатып алушылар үшін көрнекі етуге көмектеседі. ҚР Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034543