Куәгерлерді мәжбүрлеп әкелу қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
Егер куәгер шақыру бойынша ақталған себептерсіз келмеген жағдайда, оны сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның негізделген қаулысымен мәжбүрлеп әкелуге болады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
2022 жылы 7 жылға көлік жүргізу құқығымнан айырды. Рақымшылық қабылдауды немесе басқару құқығынан айыру мерзімін қысқартуды сұраймын.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңымен көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді (2020 жылғы қаңтарда қолданысқа енгізілді).
Қазір мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілік қоғам үшін нақты ықтимал қауіпті уақтылы жоятын тиімді алдын алу шараларының бірі болып табылады, бұл ретте көзделген санкциялар жасалған іс-әрекеттің ауырлық дәрежесіне сәйкес келеді және тиісті дәрежеде ауыр зардаптардың алдын алады.
Осылайша көлік құралын мас күйінде басқару салдарының ауырлығын ескере отырып, осы құқық бұзушылық үшін баптың санкциясын, оның ішінде градациясын қайта қарау тиімді емес деп ұйғарамыз.
Одан басқа Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының 2023 жылғы 27 қазандағы № 34-НП нормативтік қаулысына сәйкес ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі Конституцияға сәйкес келеді деп танылды.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер көрсетілген акт әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.
Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес, рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жекелей анықталмаған адамдар тобына қатысты шығарады.
Осыған орай, «Рақымшылық жасау туралы» актісі бойынша сұрақтар Қазақстан Республикасы Парламентінің құзыретіне жатады.
Куәгерлерді мәжбүрлеп әкелу қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
Егер куәгер шақыру бойынша ақталған себептерсіз келмеген жағдайда, оны сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның негізделген қаулысымен мәжбүрлеп әкелуге болады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына 2025 жылғы 10 қаңтарда енгізілген соңғы өзгерістер нені білдіреді?
Полиция қызметкерлерін құқықтық қорғауды күшейту және олардың қызметтік қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу мақсатында.
Қарудың қандай түрлерін рұқсатсыз сақтауға болады?
Ішкі істер органдарында рұқсатынсыз азаматтар механикалық бүріккіштерді, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жабдықталған басқа құрылғыларды, пневматикалық, тұмсық энергиясы 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгі қаруды сақтай алады.
Ұсталған тұлғаға кепілдік түріндегі процессуалдық шара қандай жағдайларда қолданылады?
Қылмыстық істі жүргізетін орган өз өкілеттігі шегінде ұсталынған тұлғаға кепілдік түріндегі процессуалдық шара қолдануға құқылы.
Бағдаршам нысанын орнатуды сұраймын?
Бағдаршам объектісін орнатумен әкімдіктер айналысады. Аумақтық полиция бөлімшелері учаскеге тексеру жүргізеді және негізді болған жағдайда Ішкі істер органдарының қызметкерлері бағдаршам объектісін орнату үшін жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі-ЖАО) өтініш енгізеді.
Егер сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірудің ауырлығын анықтамаса, агрессорды қалай жауапқа тартуға болады?
Дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабында көзделген.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі қай жастан басталады?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 65-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108-1-бабында көзделген.