«Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша өтініш неше күн бойы қаралады?
«Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініш 10 жұмыс күні қаралады. Қызмет қағаз жеткізгіште көрсетіледі. Ол үшін меншік иесі сәйкестендіру құжатының көшірмесін (жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығына актіні не жер-кадастрлық жоспарды) және жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттың көшірмесін қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі өтініш жазуы қажет. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - әкімдіктің қаулысы және жер учаскесін жалға алу шартын жасау болып табылады