Микрокредиттерді қалай алуға болады?
Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бағытында жастарға микрокредит 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі 7 жылға дейін 2,5 пайыздық жеңілдікпен беріледі. Микрокредиттің ең жоғары сомасы - 5 миллион теңгеге дейін. Кепіл болуы міндетті. Кепілге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік жатады (жер учаскелері, пәтер, тұрғый үй, ғимарат (здания), құрылғы (сооружения), көлік, арнайы техника, екінші деңгейдегі банктардың есеп шоттарындағы қаражаттар және т.б.). Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды. Микрокредитті 21 жылдан 35 жасқа дейіңгі жастар және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер ала алады. Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі. Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге (агентке) тиісті құжаттарды ұсынады. Сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер бола алады. Сенім білдірілген өкіл түскен құжаттарды жан-жақты тексеріп және олардың микрокредит беру талаптарына сәйкестігімен ұсынылған бизнес жобаға бағалау жүргізеді. Микрокредиттерді беру мақсатында бизнес-жобаларды іріктеу үшін құжаттар облыстық конкурстық комиссияға ұсынылады. Комиссия шешімімен бизнес-жобаларды қорғау нәтижесімен оң баға берілген жағдайда микрокредиттер беріледі.