Жауап: 1) Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау;Жауап: 1) Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау; 1) Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
2) Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу;
3) Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;
4) Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу.
1) Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау
Қажетті құжаттар:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесін, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) СГТ-ға меншік немесе өзге де заңды иелену немесе басқару құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
3) мәлімделген СГТ және оның орналасқан жерінің фото- және бейнетіркеу материалдары.
Өтінімді ұсыну мерзімі:
Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға арналған өтінімді қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін ұсынады.
2) Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу
Қажетті құжаттар:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтінім берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхаты қоса ұсынылады;
2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтер;
3) көлік құралын тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
4) сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралының (бұдан әрі – автокөлік құралы) сатып алынғанын растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, автокөлік құралын кредитке сатып алған жағдайда – кредиттік шарт).
Автокөлік құралын электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден сатып алған жағдайда автокөлік құралын сатып алу жөніндегі шығындар көлік құралдарына арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішпен расталады;
5) Фото және бейне материалдары;
Өтінімді ұсыну мерзімі:
Өтінімді күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде пошта арқылы не қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.
3) Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу
Қажетті құжаттар:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;
4) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар мәлімделген ЖБСО бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
5) Фото және бейне материалдары;
Өтінімді ұсыну мерзімі:
Өтінімді күнтізбелік жылдың 1маусымына дейінгі мерзімде пошта арқылы не қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.
4) Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу
Қажетті құжаттар:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар туристік қызметтің мәлімделген объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
4) салынған, реконструкцияланған мәлімделген туристік қызмет объектісінің фото- және бейнетіркеу материалдары;
Өтінімді ұсыну мерзімі:
Өтінімді күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде пошта арқылы не қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады. Жауапты мемлекеттік орган: БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялақ даму басқармасы.
Сілтеме НҚА:«Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»
«Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы»
«Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы»
«Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы»