Кәсіпкерлік мақсатта қалай жер алуға болады?

    kyzylorda-aral

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлік мақсатта қалай жер алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 48 бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылып беріледі. Аталған кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес, сатуға арналған жер учаскесі:жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда – саттыққа шығарылады. Конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланып отырады. Жер учаскесінің шекарасын анықтау мақсатында Арал аудандық жер қатынастары бөліміне баруыңызға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету және жан-жақты қолдау көрсету қажеттілігі қалай анықталады?

    Жауап

    1) адамдардың (отбасылардың) өздері жүгінген кезде; 2) отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығына жүгінген кезде; 3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде; 4) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар (отбасылар) туралы ақпаратты мемлекеттік органдардан, консультативтік-кеңесші, алқалы органдардан, ұйымдардан және жеке тұлғалардан алған кезде; 5) бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар балаларға үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қалай өтініш білдіруге болады?

    Жауап

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш білдіреді.

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Арал аудандық отбасын қолдау орталығының атқаратын қызметтері қандай?

    Жауап

    Отбасын қолдау орталығы – қиын өмірлік жағдайда қалған азаматтарға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсету мақсатында қызмет атқарады. Орталықтың негізгі қызмет бағыттары – 9 түрлі сала бойынша кеңес беру мен қолдау көрсету: —Психологиялық көмек көрсету; — Әлеуметтік кеңес беру; — Құқықтық қолдау; — Отбасындағы қатынасты қалпына келтіру; — Балалар мен аналарды қорғау; — Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу; — Қайта әлеуметтендіру бағдарламалары; — Тұрмысы төмен отбасыларға бағытталған көмектер; — Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кәсіби бағдар беру.

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Облыс әкімінің гранты қандай отбасыларға тағайындалады?

    Жауап

    Арал аудандық мәслихатының № 103 шешіміне сәйкес, облыс әкімінің гранты шеңберіндегі қолдау шаралары қазіргі уақытта тек осы кезеңге дейін оқуға түскен студенттер үшін ғана сақталады. Бұл төлемдер арнайы комиссияның шешімімен 2026 жылға дейінгі кезеңге әлеуметтік көмек бекітілген білім алушыларға ғана өз күшінде қалады және соңына дейін төленеді.

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Тыл ардагерлеріне қандай көмек түрлері қарастырылған?

    Жауап

    «Арал ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 103 шешiмiне сәйкес, 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай жылына бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленеді.

    kyzylorda-aral·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.