Кедендік транзиттің шекті мерзімі қандай?
Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырған кезде жөнелтуші кеден органы тауарлардың жөнелтуші кеден органынан тағайындалған кеден органына дейін жеткізілуі тиіс мерзімді белгілейді. Темір жол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір ай үшін екі мың километр есебінен, бірақ күнтізбелік жеті күннен кем емес белгіленеді.