Инвестициялық жобаны іске асыру үшін мемлекет тарапынан жер учаскесін қалай алуға болады?

    atyrau-industrial

    atyrau-industrial·
    Сұрақ

    Инвестициялық жобаны іске асыру үшін мемлекет тарапынан жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Инвестициялық жобаларға жер учаскесін пайдалануға беру тәртібі «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер Министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №11-1-4/590 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімдік өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдап, осы қағидаларға, сондай-ақ келесі ақпаратқа сәйкестігін қарастырады:1) жоба "инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады;. 2) өтініш берушінің жобаға жүзеге асыруын көздейтін инвестициялар сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерін құрайды; 3) сұралып отырған жер учаскесі құнының ең жоғары мөлшері өтініш берушінің жобаға жүзеге асыруы көзделетін инвестициялар көлемінің 20 (жиырма) пайызынан аспайды; 4) сұралып отырған жер учаскесіне жылжымайтын мүлікке заңдық талаптар мен құқық ауыртпалықтарының болмауы; 5) сұралып отырған жер учаскесі санатының жобаның бизнес-жоспарында көрсетілген нысаналы мақсатқа сәйкестігі; 6) сұралып отырған жер учаскесі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 26-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі болып табылмайды. Өтініш беруші өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген инвестициялық жобаның бизнес-жоспары; 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы; 3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 501 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16900 болып тіркелген) бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген сұралып отырған жер учаскесін бағалау туралы есеп. Сұралып отырған жер учаскесінің бағалау жұмыстарын жүргізуге рұқсат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес алынады; 4) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; 5) өтініш беруші жарғысының көшірмесі; 6) өтініш берушінің қаржылық ауқаттылығын растайтын құжаттар: өтініш берушінің банктердегі шоттарда өз қаражатының бар екенін растайтын құжаттар; мүліктің бар екенін растайтын құжаттар; бизнестегі үлесінің немесе өзге де активтерінің болуын растайтын құжаттар; кредиттік желінің болуын растайтын құжаттар; 7) өтініш берушінің салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама. Жергілікті атқарушы орган кәсіпкерден өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қабылдағаннан кейін, Қағидаға сәйкес Өңірлік үйлестіру кеңесіне ұсынады. Кеңестің қорытындысы оң болған жағдайда бос тұрған жер учаскелері инвесторға пайдалануға беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Бизнес-иммигранттар» с5 санатындағы визаның қолданысын екі жылға дейін ұзарту туралы өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    «Бизнес-иммигранттар» с5 санатындағы визаның қолданысын екі жылға дейін ұзарту туралы өтініш беру үшін қажетті құжаттар № Атауы 1. Нотариалды куәландырылған жарғы. 2. Төлқұжат пен жарамды визаның көшірмесі 3. Салық төлеушінің резидент емес тұлғаларын тіркеу туралы куәлік 4. Меншік иесі және құқық иесі туралы мәліметтер 5. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама 6. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама 7. Компания қызметкерлері туралы анықтама 8. Салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама 9. Заңды тұлғаның орналасқан жеріне, өндіріс орнына (кәсіпорын, мекеме) тексеру жүргізілуі керек

    atyrau-industrial·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары бекітіледі.

    Жауап

    Жергілікті атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін оны қайта қарау мүмкіндігімен күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге күнтізбелік 15 күннен ерте емес мерзімге белгілейді: 1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері 15-ке асқан жағдайда%; 2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асып кете отырып, 30 күн ішінде бөлшек сауда бағасының бір мезгілде 30% - ға өсуі кезінде.

    atyrau-industrial·
    Сұрақ

    Ішкі сауданың қандай нысандары мен түрлерін білетініңізді айтыңыз

    Жауап

    1) ішкі сауда объектілеріне сауда объектілері мен қоғамдық тамақтану объектілері жатады; 2)санаттарға бөлінетін стационарлық сауда объектілері (1,2,3,4,5) 3) автоматтар, жылжымалы есептегіш, автотұрақ, шатыр, дүңгіршек болып бөлінетін стационарлық емес сауда объектілері. 4) сауда нарықтары өткізілетін тауарларға байланысты әмбебап, мамандандырылған болып бөлінеді.

    atyrau-industrial·
    Сұрақ

    Грант алу үшін қандай құжаттар тапсырылу қажет?

    Жауап

    Конкурсқа қатысу үшін ең алдымен «kezekte.kz» порталында тіркеліп, өтініш беру қажет. Өтінішке қосымша келесі құжаттар тіркеледі: - Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама (бар болған жағдайда); - Кәсіпкердің берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысуын растайтын құжаттар (банктік шоттан үзінді-көшірме, мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар) ; - Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисі екенін растайтын құжаттың көшірмесі. - Бизнес-жоспар.

    atyrau-industrial·
    Сұрақ

    «Әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімі» дегеніміз не? Тізілімге қалай қосылуға болады?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге немесе жұмсартуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор. Кәсіпкерлер тізілімге енгізілу үшін Басқармаға тиісті құжаттар тапсыруы қажет. Басқарма тарапынан тоқсан сайын айдың 1-нен 15-не дейін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады. Хабарландыру Басқарманың ресми сайтында жарияланып отырады.

    atyrau-industrial·
    Сұрақ

    2024 жылы су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығындарын өтеу қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Су тасқыны салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің залал сомасын, шығындарын анықтау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі №18 бұйрығымен бекітілген қағидасына сәйкес жүзеге асырылуда.

    atyrau-industrial·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.