Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриалық аймақтарға жетіспейтін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу 2023 жылғы бірнеше Министрліктердің бірлескен бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады және кәсіпкердің жобасына мынадай талаптар қойылады: 1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) миллион теңгеден кем болмайтын;. 2) инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) құны 50 (елу) миллион теңгеден кем болмайтын, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша 5 (бес) миллиард теңгеден аспайтын сомадағы жобалар үшін, сондай-ақ "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жобалар үшін инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспайтын; 3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі 30 %-дан кем болмайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады. Кәсіпкер инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінішпен өңірлік үйлестірушіге жүгінеді, оған мына құжаттар қоса беріледі: 1) бизнес-жоспар; 2) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і; 3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.