Жеке кәсіпорындарда, ұйымдарда, пәтерлерде және үйлерде мемлекеттік жалаушаларды орнатуға бола ма? Мүмкін болса, ережелер бар ма?
"ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Заңның 4-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану (белгілеу, орналастыру) қағидаларының 4-тармағында: - Мемлекеттік ту басқа ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің қалауы бойынша көтерілуі және орнатылуы мүмкін; - Мемлекеттік Тудың бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Осылайша, заңнамада мемлекеттік туды тұрғын үйлерде және мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың үй-жайларында пайдалануға тыйым салынбайды.: - Мемлекеттік Ту оның мөлшеріне қарамастан ұлттық стандартқа сай болуы тиіс; - Мемлекеттік Тудың бейнесін қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды; - қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың тулары Мемлекеттік тумен бірдей бола алмайды.