«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 38 ауылдық елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін жүргізу және облыс бойынша облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету жоспарланған.
Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 9-шы іс-шарасында Республикалық және негізгі облыстық автомобиль жолдарын мобильді кең жолақты интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым салу (Талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу, Антенналық-діңгектік құрылым (бұдан әрі-АДҚ ) және трансмиссиялар орнату, электр энергиясын жеткізу) көзделген.
Аталған іс-шараны орындау мақсатында, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы, “КСЕЛЛ” АҚ және аудан әкімдіктерінің мамандары бірлесіп, республикалық автомобиль жолдарында АДҚ (Антенналық-діңгектік құрылым) қондырылатын орындарын (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен белгіленді) қосымша зерделеп, нақтылау жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңда белгіленген орындар бос және басқа желілермен және объектілермен қабаттаспайды, АДҚ орнату орындарын өз меншігіне тіркей отырып, ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желісі) және электр энергиясын қосуға техникалық шарттар алынды.
Жұмысты жеделдету мақсатында 5 АДҚ құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары бойынша демеуші компаниямен меморандум жасақталды.
Қазіргі таңда 5 антенна-діңгек құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, барлық 5 антенна-діңгек құрылысына сараптама нәтижесінде оң қорытынды алынды.