Қаңғыбас иттерге қатысты қандай шаралар алынады?

    mangistau-upr-vet

    mangistau-upr-vet·
    Сұрақ

    Қаңғыбас иттерге қатысты қандай шаралар алынады?

    Жауап

    Қаңғыбас иттерді жаппай аулап жоюға тиым салынған.

    «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, қаңғыбас иттердің санын реттеу «аулау - уақытша ұстау –вакцинациялау – стерилизациялау – тіршілік ету ортасына қайтару» принципі бойынша жүргізіледі. Қаңғыбас иттер адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жансыздандыруға жатады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деген не және оны кім жүргізеді?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі. «Аудандық (қалалық) ветеринариялық станция» мемлекеттік коммуналдық мекемелері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді, жануарға жеке нөмір береді, дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады және жануар иесіне ветеринариялық паспорт береді.

    mangistau-upr-vet·
    Сұрақ

    Маңғыстау облысындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған мемлекеттік панажайлар бар ма?

    Жауап

    Маңғыстау облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған мемлекеттік панажайлар жоқ. Қазіргі күні Ақтау қаласының әкімдігімен қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған панажай құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

    mangistau-upr-vet·
    Сұрақ

    Жаңадан құрылыс жұмыстары жүргізілетін жер учаскелерінде сібір жарасы қорымдарының бар немесе жоқтығы туралы анықтаманы қалай алуға болады?

    Жауап

    Маңғыстау облысының ветеринария басқармасына жазбаша өтініш беру арқылы, аталған жер учаскесінде сібір жарасы қорымдары туралы мәліметтердің бар немесе жоқтығы туралы ресми ақпарат алуға болады. Өтініште жер учаскесінің орналасқан мекен жайы, географиялық координаталары, жауап жолдау үшін өтініш берушінің тұрғылықты және электрондық мекен жайы, ұялы телефон нөмірі көрсетілуі тиісті.

    mangistau-upr-vet·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.