Жаңа Салық кодексіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы ҚҚС сомасын шот-фактура бойынша есепке жатқызатын күні бойынша ҚҚС есепке жатқызу тәртібі өзгерді ме?
Жаңа Салық кодексінде шот-фактура бойынша ҚҚС сомасы тауарды, жұмысты, қызметті алған күні бойынша есепке жатқызылатыны көзделген. Бұл ретте ҚҚС сомасын есепке жатқызу үшін ҚҚС төлеуші ЭШФ АЖ-да осындай ЭШФ бойынша ҚҚС сомасы есепке жатқызылатыны туралы белгі қояды.