Коммерциялық мақсатта жер учаскесін қалай алуға болады?
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады. Сатуға арналған жер учаскесі сауда-саттыққа (аукционға): - жер учаскесінің шекараларын анықтағаннан кейін; - жер учаскесінің нысаналы мақсатын және оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындағаннан кейін; - Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін; - Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізу туралы хабарлама жариялағаннан кейін шығарылады. Жергілікті атқарушы орган жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға беру құқығын сатушы ретінде әрекет етеді. Жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттық (аукциондар) немесе жер учаскелерін жалға алу құқығы орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Мемлекеттік мүлік тізілімінің сауда-саттықтары мен аукциондарын өткізуге арнлаған электрондық алаңда электрондық форматта өткізіледі. Хабарлама жарияланған күннен бастап Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында конкурсқа қатысуға өтінім беру арқылы коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін алу мүмкіндігі бар