Тіркеуші орган кім?

    Түркістан облысының Әділет департаменті

    Сұрақ

    Тіркеуші орган кім?

    Жауап

    Тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегі дегеніміз не және оны алуға кім құқылы?

    Жауап

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бюджет қаражаты есебінен "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңда және ҚР заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен оны алуға құқығы бар адамдарға көрсетіледі. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі алуға құқығы бар тұлғалар: Барлық жеке және заңды тұлғалар мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат түрінде тегін алуға құқылы. І. Азаматтық істер бойынша : 1) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар; 2) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар; 3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшы мен жауапкерлер; 4) заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар; ІІ. Қылмыстық істер бойынша: 1) қорғалуға құқығы бар куә, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелетке толмағандар болып табылатын немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілер; III. Әкімшілік істер бойынша: 1) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға; IV . Алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар.

    Сұрақ

    Мүліктің меншік иелері бірлестігі мемлекеттік тіркелген кезінен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқықтарына ие болады. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш; жиналыс хаттамасы; мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысы; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын квитанция немесе өзге де құжат ұсынылады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 44 б.).

    Жауап

    Мүліктің меншік иелері бірлестігі мемлекеттік тіркелген кезінен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқықтарына ие болады. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш; жиналыс хаттамасы; мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысы; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын квитанция немесе өзге де құжат ұсынылады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 44 б.). .

    Сұрақ

    Қатысушы мемлекеттік органның шешімімен келіспеген жағдайда қайда шағымданады?

    Жауап

    Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91 бабының 4 тармағы).

    Сұрақ

    Борышкерді іздеу тәртібі қандай?

    Жауап

    Егер борышкердің жүрген жері белгісіз болса, сот орындаушы атқарушылық құжатты орындау орны бойынша прокуратура органдарына борышкерді іздеуге жариялау туралы қаулы шығарып, жолдауға міндетті. Борышкерді іздеу ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі арқылы жүзеге асырылады. Іздеу жарияланған жағдайда атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады, ал борышкердің тұрған жері анықталған немесе оның мүлкі табылған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады. Борышкерді іздеу прокурордың санкциясымен ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Борышкерді іздеуге жұмсалған шығыстар атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған шығыстарға жатады және сот тәртібімен борышкерден мемлекет кірісіне өндіріп алынады.

    Сұрақ

    Нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан қандай жағдайда бас тартады?

    Жауап

    Егер: 1) мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе; 2) iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса; 3) нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса; 4) заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе; 5) мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе; 6) нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылады. Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған кезде, нотариус нотариаттық iс-әрекет жасауға ол өтiнiш берген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде жазбаша түрде бас тартудың себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi.Нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық iс-әрекеттiң дұрыс жасалмағаны үшiн сот тәртiбiмен шағымдануға болады.

    Сұрақ

    Апостиль деген не? Қызметті кім көрсетеді?

    Жауап

    Целью процедуры проставления апостиля является обеспечение гарантии подлинности и надлежащего оформления апостилируемых документов, предназначенных для действия на территории стран-участниц Гаагской конвенции.Услугодатель апостилирует официальные документы, исходящие из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан по принципу экстерриториальности.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.