Тұрғын үй көмегіне қалай өтініш білдіруге болады?

    kyzylorda-aral

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Тұрғын үй көмегіне қалай өтініш білдіруге болады?

    Жауап

    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш білдіреді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Менің отбасымдағы бір мүшені еске алуға арналған ат бәйгесінен спорттық жарыс өткізейін деп едім. Сіздер бөлім тарапыныздан қандай көмек болады?

    Жауап

    Ең алдымен ат бәйгесін өткізу бойынша Арал ауданы әкімдігіне рұқсат алу жөнінде өтініш жолданады. Рұқсат берілген жағдайда, Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі жарысты ұйымдастыруға қатысты жоспарлау, үйлестіру және өткізу жұмыстарына қолдау көрсететін болады

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Мен біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы біліктілік санатын алу жөнінде өтінішімді қайда барып тапсырамын?

    Жауап

    «Біліктілік санатын алу үшін өтінішіңізді Арал қаласы, Қарасақал Ерімбет көшесі №67 мекенжайында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету» орталығы департаментінің Арал аудандық бөліміне барып тапсыра аласыз. Сондай-ақ өтініш беру мүмкіндігі Egov Mobile қосымшасы арқылы да қарастырылған. Өтініш тіркелгеннен кейін орталық мамандары оны тиісті ақпараттық жүйе арқылы Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне жолдайды.»

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Мен біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы біліктілік санатын алайын деп едім, қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: Тізілімге енгізілген спорт түрлері бойынша "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымында мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі: немесе Азия немесе Пара Азия ойындарында (жазғы, қысқы) немесе Азия-Тынық мұхиты ойындарында 7-8 орын алған бір спортшыны дайындау; немесе барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында немесе Дүниежүзілік Универсиадада (жазғы, қысқы) 7-8 орын алған немесе студенттер арасында Әлем чемпионатында 4-5 орын алған бір спортшыны дайындау; немесе мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында 8-9 орын алған бір спортшыны дайындау; немесе Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау; немесе ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасында немесе Қазақстан Республикасының Универсиадасында (жазғы, қысқы) 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау; немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) құрама командасына үш спортшыны дайындау; немесе одан әрі жетілдіру үшін екі спортшыны республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернаттарға-олимпиадалық резервтегі колледждеріне және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарына тапсыру; немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органда немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы; немесе "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атақтың болуы.

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Өңірлік «Тарихи тұлғалар» тізіміне қандай тұлғалардың есімдерін енгізуге ұсынуға болады?

    Жауап

    облыс, қала, аудандардың «Құрметті азаматы» атағының иегерлері; - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңның 11-бабына сай Қазақстан Республикасының ордендерiнің иегерлері; - аймақтың дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар, сондай-ақ ерекше еңбегі бар тұлғалар; - тұлғаны растайтын архивтік құжаттарға, жазбаша тарихи мәліметтерге негізделу; - архивтік құжаттар, жазбаша тарихи мәліметтер болмаған жағдайда, көнекөз қариялардың, ғалымдардың және ақпараттың шынайылығын растайтын басқа да дереккөздердің пікіріне сүйену; - «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және салалық институттардың сараптама қортындысын ұсыну;

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлік бөлімі тарапынан азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілеме?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар сұранысы жоғары азық-түлік тауарларымен азық-түлік емес тауарлардың мұнай өнімдерінің бағасын күнделікті мониторинг жүргізу, олардың бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар апталық, тоқсандық мерзімде жүргізіліп тұрады

    kyzylorda-aral·
    Сұрақ

    Несие алу үшін қандай шарттар басты болып табылады?

    Жауап

    Бөлімге келіп кәсіп ашу бойынша ақпарат сұраған жеке кәсіпкер және жеке тұлғаға басты шартының қажет ететін несие тарихы таза яғни, ешқандай несие бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткізіп алған күндері болмау немесе жеке кәсіпкерлік счеттары ашық болуы және кепіл мүліктің құжаттары толыққанды рәсімделіп түгел болуы. Осы екі шартты дұрыс болған жағдайда кәсіп түріне байланысты мемлекеттік бағдарламаларды ұсына аламыз.

    kyzylorda-aral·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.