Орталыққа кімдер жүгіне алады?
Орталыққа барлық адамдар (отбасылар) жүгіне алады. Орталық барлық жүгінген адамдарға (отбасыларға) ерікті негізде көмек көрсетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.
kyzylorda-aral
Жер кезектілігіне қалай тұруға болады?
Жер кезектілігіне тұру үшін map.gov4c.kz/egkn/ сайтына кіріп өтініш береді.
Орталыққа кімдер жүгіне алады?
Орталыққа барлық адамдар (отбасылар) жүгіне алады. Орталық барлық жүгінген адамдарға (отбасыларға) ерікті негізде көмек көрсетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.
Адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету және жан-жақты қолдау көрсету қажеттілігі қалай анықталады?
1) адамдардың (отбасылардың) өздері жүгінген кезде; 2) отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығына жүгінген кезде; 3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде; 4) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар (отбасылар) туралы ақпаратты мемлекеттік органдардан, консультативтік-кеңесші, алқалы органдардан, ұйымдардан және жеке тұлғалардан алған кезде; 5) бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
Қиын өмірлік жағдай дегеніміз не ?
Қиын өмірлік жағдай – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген негіздер бойынша танылған адамның өз бетінше еңсере алмайтын тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын жағдай
Мүгедектігі бар балаларға үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қалай өтініш білдіруге болады?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш білдіреді.
Арал аудандық отбасын қолдау орталығының атқаратын қызметтері қандай?
Отбасын қолдау орталығы – қиын өмірлік жағдайда қалған азаматтарға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсету мақсатында қызмет атқарады. Орталықтың негізгі қызмет бағыттары – 9 түрлі сала бойынша кеңес беру мен қолдау көрсету: —Психологиялық көмек көрсету; — Әлеуметтік кеңес беру; — Құқықтық қолдау; — Отбасындағы қатынасты қалпына келтіру; — Балалар мен аналарды қорғау; — Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу; — Қайта әлеуметтендіру бағдарламалары; — Тұрмысы төмен отбасыларға бағытталған көмектер; — Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кәсіби бағдар беру.
Облыс әкімінің гранты қандай отбасыларға тағайындалады?
Арал аудандық мәслихатының № 103 шешіміне сәйкес, облыс әкімінің гранты шеңберіндегі қолдау шаралары қазіргі уақытта тек осы кезеңге дейін оқуға түскен студенттер үшін ғана сақталады. Бұл төлемдер арнайы комиссияның шешімімен 2026 жылға дейінгі кезеңге әлеуметтік көмек бекітілген білім алушыларға ғана өз күшінде қалады және соңына дейін төленеді.
Тұрғын үй көмегіне қалай өтініш білдіруге болады?
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш білдіреді.
Тыл ардагерлеріне қандай көмек түрлері қарастырылған?
«Арал ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 103 шешiмiне сәйкес, 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай жылына бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленеді.