Біздің ауданда мүгедектігі бар адамдар оңалту құралдарына қайдан тапсырыс бере алады?
2021 жылдан бастап Қазақстанда https://aleumet.egov.kz/ әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істей бастады. Портал әдеттегі интернет-дүкенді еске салады. Порталға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып кіруге болады, осы порталға кіру арқылы оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ұсынылған құралды ғана көруге болады.