Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін кім қолдана алады?
Ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен (шамамен 1,3 млн теңге) аспайтын адамдардың табысын заңдастыру және салықтық міндеттемелерін жеңілдету мақсатында жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимі (АСР) көзделген. Бұл режимді келесі тұлғалар қолдана алады: қазіргі таңда патент негізіндегі, арнайы мобильді қосымшаны пайдаланатын АСР, платформалық жұмыспен қамтылу шеңберінде жұмыс істейтін тұлғалар; сондай-ақ төмендегі критерийлерге сай келетін басқа тұлғалар: жеке кәсіпкер болып табылмайтын; жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын; ҚР Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қызмет түрлерімен айналысатын. Аталған режимнің ерекшелігі – мұндай тұлғалар: жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босатылады; тек табыстың 4%-ы мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлейді (МЗЖ, МЗЖР, ӘА, МӘМС – әрқайсысы 1%) және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуден босатылады.