NON SNT жазбасы бар тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатсыз 3 белгісі бар тауарларға электрондық шот-фактураларды жіберуге бола ма?
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №1104 бұйрығымен бекітілген "тауарларға және олардың құжат айналымына ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінің" (бұдан әрі - қағидалар) 30-1-тармағына сәйкес ТІЖ ресімдеу жөніндегі талап қолданылатын тауарлар бойынша ЭШФ жазып беру мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады: 1) 32 "тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" жолында ТІЖ тіркеу нөмірін көрсете отырып, ТІЖ негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте ТІЖ мен ЭШФ-да көрсетілетін мәліметтер бірдей болуы тиіс; 2) осындай ЭШФ жазып бергенге дейін "виртуалды қоймада" болған тауарлардың санынан (көлемінен) аспайтын тауарлардың санын (көлемін) көрсете отырып, 32 "тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" жолында NON SNT көрсете отырып, тауарларға арналған электрондық жүкқұжатқа байланыстырмай. 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларының (бұдан әрі - қағидалар) 56 – тармағына сәйкес "тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгісі" 2 – бағанында-ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген Тізбеге енгізілген тауар өткізілген жағдайда, "3" деген белгі (бұдан әрі-белгі) көрсетіледі. Қорытынды: ЭШФ-ны ТІЖ негізінде де, оған байланыстырмай да 32-жолда NON SNT көрсетіп жазуға болады. Қағидаларда тауардың шығу тегіне байланысты тауарларға NON SNT белгісі бар ТІЖ-қа байланыстырмай ЭШФ жазып беру бойынша шектеулер белгіленбеген.