Атау беру, қайта атау жұмыстары негіздері
Атау беру, қайта атау жұмыстары «Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 25-5-бабы (Ономастика жұмысының критерийлері) негізінде жүргізіледі. Ономастика мәселесі бойынша өкілді және атқарушы органдардың құзыреті мен қызметі «Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының тиісті баптарында анықталған. Елдімекендердің, олардың құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту кезіндегі халықтың пікірін ескеру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысы, мекемелердің атауын ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысымен реттеледі.