Мұраны қабылдау және рәсімдеу процедурасы

    ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті

    Сұрақ

    Мұраны қабылдау және рәсімдеу процедурасы

    Жауап

    Мұрагерлік іс ашылған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануға тиіс.

    Азаматтық кодексінің 1072-2-бабына сәйкес мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін.

    Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (осы Кодекстiң 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн.

    Егер мұрагерлікті қабылдау мерзімі өткізіліп алынса, сотқа жүгініп, мерзімді қалпына келтіру мүмкіндігі бар.

    «Нотариат туралы» Заңының

    69-бабына сәйкес мұрагерлердiң жазбаша өтiнiшi бойынша мұра ашылған жердегi нотариус мұраға құқық туралы куәлiк бередi.

    Мұраға құқық туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мерзiмде жүргiзiледi.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеу

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 18-баптың 2-тармағына сәйкес жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты ресімделмейді. Тіркеуші орган жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде есепке алынуға жататын, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің негізінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізеді. «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабында аяқталған құрылыс жобасы пайдалануға қабылдануға жатады деп белгіленген. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі құқықтық кадастрға жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік үшін ғимараттар, құрылыстар және (немесе) олардың құрамдас бөліктері туралы сәйкестендіру және техникалық ақпаратты енгізу, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жылжымайтын мүлік объектілері пайдалануға қабылдауға және құқықтық кадастрда нысанды пайдалануға қабылдау туралы бекітілген акт негізінде заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады.

    Сұрақ

    Заңды тұлғаның атқарушы органды өзгерту тәртібі, заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу

    Жауап

    «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына 14-2 бабына сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу басшы өзгеруіне деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі және «Электрондық үкімет» порталында толығымен іске асырылған. Тарату негiзi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін: 1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш; 2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не бұған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi ұсынылады. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді; 3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат; 4) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат; 5) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылады. Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң ұсынылады. Сот заңды тұлғаға қатысты оны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады. Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімін 3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесі 4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін; 5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін ақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады. Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді, заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізеді. Мемлекеттік кіріс органдары қызметін тоқтататын заңды тұлға бойынша Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде, есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не мұндай заңды тұлға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді ұсынудан бас тартады. Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш қажетті құжаттарымен қоса берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеудi тiркеушi орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады. Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сот шешiмi; 3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешімді қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқық мирасқорлығы туралы ережелер көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және заңды тұлғаның уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі; 4) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат; 5) коммерциялық емес ұйым болып табылатын қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат; 6) коммерциялық ұйым болып табылатын қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат беріледі. Қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап заңды тұлға қайта ұйымдастырылды деп есептеледі. Бірігу, бөліну, қайта құрылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде жаңадан құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі. Қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы бұйрықта не қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, оның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде көрсетіледі. Табиғи монополиялар субъектілері қайта ұйымдастырылған кезде тіркеуші органға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі ұсынылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда заңды тұлға, филиал (өкілдік) мемлекеттік (есептік) қайта тiркелуге жатады. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен "электрондық үкімет" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі. Егер қатысушылар құрамына шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға кірсе, онда осы Заңның 6-бабының сегізінші бөлігінде көзделген құжаттар қосымша ұсынылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу үшін: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы өтініш; 2) электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлға мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы шешімі не шешімінен үзінді-көшірме ұсынылады. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді; 3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар электрондық нұсқадағы құрылтай құжаты не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні ұсынылады. Саяси партиялар мен діни бірлестіктер енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасын не саяси партиялар мен діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін ұсынады; 3-1) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар, нотариат куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиалдың (өкілдіктің) ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні; 4) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат; 5) коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылады. Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүргізетін шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн шаруашылық серiктестiгінің шығып қалатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарға сәйкес ұсынылады. Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығып қалатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шартын нотариат куәландыруға тиіс. Микроқаржы ұйымдарын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу үшін қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы ол мақұлдаған есеп қосымша ұсынылады.

    Сұрақ

    Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында құқықтық көмек алу рәсімі

    Жауап

    Өз өкілеттіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының әділет органдары азаматтық және отбасылық істерге қатысты құжаттарды талап ету және жолдау қызметтерін қоса алғанда, құқықтық көмек көрсету жөніндегі халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді. Шетел мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасасу халықаралық шарттар, оның ішінде 1993 жылғы 22 қаңтардағы (Минск қаласы) және 2002 жылғы 7 қазандағы (Кишинев қаласы) «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» конвенциялар, сондай-ақ басқа да қолданыстағы келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Құқықтық көмек сұраушы тараптың тапсырмасы (өтініші) бойынша көрсетіледі. Шетел мемлекеттерінің уәкілетті органдарынан азаматтар туралы мәліметтерді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды талап ету Қазақстан Республикасының АХАТ органдары арқылы жүзеге асырылады. Маман тиісті сұранысты дайындауға көмек көрсетеді. Сұранысты ресімдеу үшін өтініш берушіге: өтініш пен сауалнаманы толтыру (екі данада); акт жазбасын іздеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін құжаттардың көшірмелерін ұсыну (туу туралы куәлік, анықтамалар, сенімхат және т.б.). қажет. Шетел мемлекеттерінен құжаттар сұрату ақылы қызмет болып табылады. Төлемнің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №175/НҚ бұйрығымен бекітілген. Аталған бұйрыққа сәйкес ТМД елдерінен құжаттарды талап ету қызметінің мөлшері бір құжат үшін 1 932 теңгені, ал басқа шетел мемлекеттерінен (ТМД елдерін қоспағанда) – бір құжат үшін 3 864 теңгені құрайды. АХАТ органдары жолдайтын тапсырмалар пошта байланысы арқылы жіберіледі. Жауап алу мерзімі әдетте 1 айдан 3 айға дейін, алайда талап етілетін елге және акт жазбасының болуына қарай бұл мерзім созылуы мүмкін. Құжаттар түскеннен кейін АХАТ органдары өтініш берушіні талап етілген құжаттың дайын екендігі туралы хабардар етеді.

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін тегін алу

    Жауап

    Заңда оған құқығы бар адамдар үшін мемлекет кепілдік берген заң көмегі және кешенді әлеуметтік заң көмегі көзделген. Оны алу үшін аумақтық әділет органдарына, адвокаттар алқасына немесе заң консультанттары палатасына жүгіну қажет. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі Мемлекет кепілдік берген заң көмегі – оны алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетілетін заң көмегі. Мұндай көмекті көрсетуге жұмсалған шығындар мемлекеттік бюджеттен өтеледі. Білікті заң көмегі – қазіргі заманғы азаматтық қоғамның маңызды құрамдас бөлігі, оған дәлел – кәсіби заңгерлердің қызметі. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету – Әділет департаментімен тиісті келісім жасаған адвокаттың міндеті. Ұйымдастыру тәртібі Заңда көзделген жағдайларда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуді ұйымдастыруды адвокаттар алқасы қамтамасыз етеді. Осы мақсатта адвокаттар алқасы жыл сайын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың тізімін жасайды және оны аумақтық әділет органдарына жолдайды. Кейін бұл тізім Ашық деректер порталында жарияланады. Істерді тағайындау бойынша бөлу адвокаттар алқасымен жүзеге асырылады және есепке алу журналында тіркеледі. Адвокат жеке шарт жасалған жағдайды қоспағанда, іске өз бетінше қатысуға құқылы емес. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында, тұрғылықты жеріне немесе тұрған жеріне қарамастан, оны алуға құқылы. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері Адвокат «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 33-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тарта алмайды. Егер қорғалушының немесе адвокаттың өзі әділетсіз деп есептейтін үкім шығарылса, адвокат оны белгіленген тәртіппен міндетті түрде шағымдануға тиіс. Адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсеткені үшін азаматтан ақы талап етуге құқылы емес.

    Сұрақ

    Нотариустың атқару парағын қалай жоюға болады?

    Жауап

    «Нотариат туралы» Заңның 92-6-бабына сәйкес борышкер өтінішті алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылық білдіруі тиіс. Мұны істеуге болады: o Нотариусқа жеке тапсыру; o Тіркелген пошта арқылы жіберу; o Нотариустың электрондық поштасына жіберіңіз. Қарсылық уақтылы берілсе, нотариус 3 жұмыс күні ішінде атқару құжатының күшін жоюға міндетті. Егер сіз заңды тұлғаның өкілі болсаңыз, қарсылық директордың қолымен және мөрімен (бар болса) болуы керек.

    Сұрақ

    Мұраны қабылдаудың соңғы мерзімі қандай?

    Жауап

    Мұра азамат қайтыс болды деп болжанған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні ашылған жағдайда (АК-тің 1042-бабының 2-тармағы) мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда – азамат қайтыс болды деп жарияланған соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, көрсетілген басқа күннен бастап қабылдануы мүмкін. шешім. Егер мұрагердiң мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердiң мұраны қабылдамауы не АК 1045-бабында белгiленген негiздер бойынша мұрагердi мұрадан алып тастауы нәтижесiнде мұрагерлiк құқығы басқа адамдар үшiн туындаса, мұндай адамдар мұраны мұрадан өткен күннен бастап алты ай iшiнде қабылдауы мүмкiн. (АК 1072-2 б.).

    Сұрақ

    Жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық қалай тіркеледі?

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 3-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады. Заңның 68-бабы аяқталған құрылыс нысаны пайдалануға қабылдануға жатады деп белгіленген. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттар, құрылыстар және (немесе) олардың құрамдас бөліктері туралы сәйкестендіру және техникалық ақпаратты құқықтық кадастрға енгізу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады.

    Сұрақ

    Шетелдік азаматтардың жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру үшін виза алуы қажет пе?

    Жауап

    «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сәйкес шетелдік тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі бар көшіп келушілерді қоспағанда, бизнес-көшіп келушілер ретінде келуге виза немесе уақытша тұруға рұқсат алмаған шетелдіктерге заңды тұлға құруға, сондай-ақ заңды тұлғалар қатысушыларының құрамына кіру жолымен коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.