Мектепке мұғалім болып қалай жұмысқа орналасуға болады?
Білім беру ұйымдарында «Ұлттық білім беру дерекқоры» (бұдан әрі -ҰБДҚ) «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау» модулі іске қосылды. Педагог қызметкерлер аталған бұйрықтың 3-тарауына сәйкес конкурстық негізде қызметке орналасады. Осыған байланысты, білім беру ұйымдарының және білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында, «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау» модулінде немесе enbek.kz порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған жағдайда, мамандығы қажетті мамандар тізімінде болса, конкурсқа қатынасу үшін құжаттарын тапсырады.