Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары қолдануға құқылы:
1) күнтізбелік жылдағы шекті табысы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын (4325*600 000= 2 595 000 000 теңге);
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:
- басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;
- құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;
- құрылтайшысы немесе қатысушысы арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар;
- арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер);
- коммерциялық емес ұйымдар;
- арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары, "Астана Хаб" ;
- бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілер;
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді. (Бұл ретте жергілікті мәслихаттар әрбір өңір бойынша орташа есеппен 3-тен 2 пайызға дейінгі мөлшерлемелерді төмендету жөніндегі шешімдерді бекіткенін ескеру қажет).
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады.
ҚР жаңа Салық кодексінің 722-бабының 3-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде 910.00 нысаны бұрынғысынша пайдаланылады, ол жарты жыл ішінде, яғни жылына екі рет және тоқсан сайын жалдамалы қызметкерлер бойынша 200.00 нысаны беріледі.