Ауыз су құбырлары жөнделінеді ме?
Облыстық деңгейде ауыз су құбырларын жөндеуге 7 млрд 400 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді
ile-kurti
К.Қасымұлы көшесінен балалар ойнайтын алаң салынадыма ?
2026 жылы Ақши ауылының К.Қасымұлы көшесінің бойына комплексты кешен (балалар ойын алаңы-10х15, воркаут-10х15, футбол алаңы-25х45 және демалыс орнын салуға бюджеттікөтінім берілді.
Ауыз су құбырлары жөнделінеді ме?
Облыстық деңгейде ауыз су құбырларын жөндеуге 7 млрд 400 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді
Ақши ауылының қай көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі?
2026 жылы Ақши ауылына көше жарығын орнатуды қажет ететін көшелер Т.Бокин мен Қ.Досанов көшесінің қиылысына дейін 200 метр, Қ.Рысқұлбеков пен Б.Бекбатыров көшесінің қиылысына дейін 160 метр, Т Т.Рысқұловтан Қарасай Батыр көшесінің қиылысына дейін 513 метр, М.Ғабдулин көшесі 650 метр, Б.Ақұлы көшесі 230 метр. Жалпы ұзындығы 1 753 метрді жасау үшін бюджеттік өтінім берілді.
Жамбыл көшесіне асфальт төселенеді ме ?
2026жылыАқши ауылының Ғ.Мұратбаев, Жамбыл, О.Әубәкіров, Д.Қонаев, Т.Айбергенов, К.Қасымұлы мен Т.Айбергенов және Ғ.Мұратбаев көшелерінің жалғасына орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілді.
Ақши ауылында салынып жатқан үйлер туралы жауап берсеңіз?
Күрті ауылдық округінің Ақши ауылында инвесторлар қаражатына тұрғын үйлер салынуда. Жоспар бойынша 86 тұрғын үй салыну қажет. Оның ішінде - 22 Orda Transport ЖШС, 34 - Баймағамбетов Сәкен Дүйсенбекұлы және 30 - Алибаев Жигер Мирасбекович арқылы жүзеге асырылуда. Жоғарыда салынып жатқан үйлер СУСН бағдарламасы арқылы үй кезегіне тіркелген әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларға арналған (мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-анасы қайтыс болған тұл жетім немесе әкесі болмаса анасы қайтыс болған толық емес отбасыларға заңда белгіленген тәртібімен "Отбасы банк" арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрлым тарту, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Құрлысты аяқтау және нысандарды пайдалануға беру уақыты 2026 жылға жоспарланған.
Ақши ауылының қоқыс төгу алаңы қоршалынадыма?
2026 жылы Ақши ауылының 20 гектар қоқыс төгу алаңын қоршауға бюджеттік өтінім берілді.