Электрондық дүкен дегеніміз не?

    atyrau-karzhy

    atyrau-karzhy·
    Сұрақ

    Электрондық дүкен дегеніміз не?

    Жауап

    Қысқа жауап:

    Электрондық дүкен – интернет арқылы тауарларды (кейде қызметтерді) қашықтан сатып алуға және сатуға арналған онлайн сауда алаңы.

    Онлайн платформа

    Электрондық дүкен веб-сайт немесе мобильді қосымша түрінде жұмыс істейді.

    1)Электрондық сауда алаңында талаптарға сәйкес келетін тауарлардың бір немесе одан да көп моделін таңдайды, және тауарларды сатып алуға тапсырыс рәсімдейді. Рәсімделген тапсырысқа электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылады.

    2)Электрондық сауда алаңы тапсырысты электронды дүкенге жібереді;

    3)Электрондық дүкен ағымдағы баға ұсыныстарын ұсыну үшін барлық электрондық сауда алаңдарына тапсырыс туралы хабарлайды.

    4)Электрондық сауда алаңдары электрондық дүкен хабарлама жіберген сәттен бастап он бес минут ішінде тапсырыс беруші таңдаған тауар үлгілері бойынша өнім берушілер және олардың өзекті бағалары туралы ақпаратты қалыптастырады және оларды электрондық дүкенге жібересіз.

    5)Электрондық дүкен осы қорытындылар туралы алдын ала хаттамасын қалыптастырады.

    Қорытындылардың алдын ала хаттамасын қалыптастырғаннан кейін электрондық сауда алаңдарының тапсырыс бойынша ақпарат беруіне жол берілмейді.

    6)Электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және тапсырысты тауардың бағасы межелі жерге дейін жеткізу құнын ескере отырып, тауардың бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушіге электрондық сауда алаңы арқылы жібереді.

    7)Тапсырыс алған әлеуетті өнім беруші электрондық сауда арқылы электрондық дүкенге жолданатын тапсырысты растау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    8)Әлеуетті өнім беруші тапсырысты растаған жағдайда электрондық дүкен нысан бойынша қорытындылар хаттамасын қалыптастырады, ол веб-порталда жарияланады.

    9)Жеңімпаз шарт жасасады.

    Толық жауап:

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабының, 35-тармағында электрондық дүкен – бірыңғай оператор уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын талаптарға сәйкес келетін электрондық сауда алаңдарында орналасқан деректерді агрегациялауды қамтамасыз ететін веб-порталдың кіші жүйесі деп айқындалған.

    Осы Заңының 10-бабы,5-тарауына сәйкес электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға өткізіледі.

    Электрондық дүкен арқылы тәсілді қолдану мақсатында біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде біреуінің мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделгеннен аз болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.

    15-бабы, 10- тармағында мемлекеттік сатып алуды электрондық дүкен арқылы жүзеге асыру кезінде, егер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған уақыт ішінде тапсырысты әлеуетті өнім берушілердің бірде-бірі растамаса, электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1000000274

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қандай жағдайларда белгіленеді?

    Жауап

    Қысқа жауап: 1-қадам. Автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы белгіленеді. 2-қадам. Қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесіне қатысты біліктілік талабы конкурстық құжаттамада белгіленеді. 3-қадам. Бұл талап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген соманың мөлшеріне байланысты айқындалады. 4-қадам. Егер конкурс (лот) тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшерінен асса , әлеуетті өнім берушінің кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы талап етіледі. 5-қадам. Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінен асса , кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі. 6-қадам. Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 100 000 еселенген мөлшерінен асса , кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі. 7-қадам. Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 150 000 еселенген мөлшерінен асса , кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі. 8-қадам. Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 200 000 еселенген мөлшерінен асса , әлеуетті өнім берушінің кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы талап етіледі. Толы қ жауап: « Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының» (бұдан әрі-Қағида) 80-тармағына сәйкес Сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығында әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде, оның ішінде ұқсас (ұқсас) түрлер, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік талаптары осы Қағидаларда белгіленген талаптарды ескере отырып, конкурстық құжаттамада белгіленуі мүмкін. Қағиданың 81-тармағында «Егер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес бірінші немесе екінші санаттағы тиісті рұқсаттың болуы талап етілетін жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылған жағдайда, жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қойылмайды» делінген. Қағиданың 82-тармағына сәйкес жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылмайды. Сонымен қатар Қағиданың 83-тармағында әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленетіндігі көрсетіледі. Осы Қағиданың 84-тармағында қағиданың 83-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамада мынадай өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді: 1) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бір жылды; 2) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен асатын болса, екі жылды; 3) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, үш жылды; 4) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, төрт жылды; 5) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бес жылды құрайды. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106

    atyrau-karzhy·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алудың жылдың жоспары қандай мәліметтерді қамтуы тиіс.

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мынадай мәліметтерді қамтиды:1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды; 2) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы; 3)мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері; 4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны; 5) Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері. Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106

    atyrau-karzhy·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі қандай?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі: 1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің; 2)жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің; 3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралышарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді. Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106

    atyrau-karzhy·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері?

    Жауап

    Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚРЗ 2-б. 19)-тт. сәйкес, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері болып: әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, уәкілетті орган, сарапшы табылады Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106

    atyrau-karzhy·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.